Надир Девонбегі кешенінде ұйымдастырылған жәрмеңке мен форум еліміздегі бар туризм нысандарына тұрғындарды кеңінен тарту, туризм саласындағы кәсіпкерлік субъектілері мен туристік орындарды қолдап-қуаттау, туроператорлар мен турагенттерді тұтынушыларға таныстыруды мақсат еткен.
Оған Бұхара мемлекеттік университетінің Экономикалық және туризм факультеті мен Vatel біріккен бакалавриат бағдарламасының профессор-оқытушылары мен студенттері қатысты.
Шара аясында облыстағы қолөнер бұйымдары жәрмеңкесі, ішкі туризм бағытында жұмыс істейтін туроператорлармен және кәсіпорын, ұйымдар ынтымақтастығында В2В (кәсіпкерден кәсіпкерге) және В2 (кәсіпкерден тұтынушыға) механизмдері негізінде кездесулер ұйымдастырылып, тәжірибе алмасуды жолға қойылды, деп хабарлайды Туризм комитетінің баспасөз қызметі.