Соңғы жылдары Президенттің басшылығымен елімізде бюджеттік мәліметтердің ашықтығы мен жариялылығын одан әрі арттыру, жергілікті бюджеттердің еркіндігін қамтамасыз ету, бюджет қаржысының қалыптастыру, олардың жұмсалуын парламенттік және қоғамдық бақылауды күшейту бағытында ауқымды реформалар жүргізіліп жатқаны атап өтілді.
Қабылданған заңдар мен қаулылар бюджетті қалыптастыруда жергілікті кеңестердің өкілеттіктерін одан әрі кеңейтіп, аумақтардың өздеріне қосымша резервтерді анықтауына берік негіз болуда.
Соңғы бес жылда жергілікті бюджет болжамының артығымен орындалған бөлігі есебінен ауызсумен және ақаба сумен қамтамасыз етуді жақсарту үшін 2018-2020 жылдары 8,5 миллиард сум, ішкі жолдар мен автомобиль жолдарын жөндеу жұмыстарына 22,5 миллиард сум қаржы бөлінді.
Сонымен қатар, әлеуметтік нысандарды салу, реконструкциялау және күрделі жөндеуді жүзеге асыруға 2017-2021 жылдары мектепке дейінгі тәлім-тәрбие саласына 64,3 миллиард сум, халық ағарту саласына 71,8 миллиард сум, денсаулық сақтау саласына 50,1 миллиард сум, мәдениетке 20, 5 миллиард сум бөлінген.
Сондай-ақ, жер-жерлерде «Обод қишлоқ» және «Обод махалла» бағдарламаларында белгіленген тапсырмаларды жүзеге асыруға 194,7 миллиард сумдық қаржы бөлінді. «Темір дәптер», «Әйелдер дәптері» және «Жастар дәптері» енгізілген азаматтарға жан-жақты практикалық көмек көрсету үшін тиісті қорларға 37,7 миллиард сумдық қаржы аударылды.
Күн тәртібіндегі мәселе — Қарақалпақстан Республикасы бойынша 2022 жылғы жергілікті бюджет параметрлері бойынша Өзбекстан Республикасы Қаржы министрлігінің орынбасары Д. Султанов баяндама жасады.
Шарада депутаттар өздерін қызықтырған сұрақтарға жауап алды.
Минажатдин Қутлимуратов,
«Янги Узбекистон» тілшісі