Бөлшек сауда саласында ынталандырушы акциялар мен жеңілдіктерді қолдану тәртібі белгіленді

    Енді тұтынушыларды адастыруға, жасанды жеңілдіктер жасауға және жалған жарнама арқылы бағаны бұрмалауға заң жүзінде тыйым салынады.

    Министрлер Кабинетінің 2025 жылғы 21 октябрьдегі қаулымен бөлшек сауда ережелеріне өзгерістер енгізілді.

    Жаңа ережеге сәйкес, сатушы тек нақты баға бойынша жеңілдіктер немесе акцияларды жариялай алады.

    Қаулыда белгіленген өзгерістерге орай, сатушы тұтынушылардың қызығушылығын арттыру, сатуды көбейту немесе басқа мақсаттарда өзі реализация жасап жатқан тауарларға салыстырмалы түрде ынталандыратын акцияларын немесе жеңілдіктер қолдана алады. Мұнда сатушы тауардың бағасын төмендетілген бағаға дейін көрсетсе, жеңілдік болып саналады. Әйтпесе, бұл жеңілдік болып саналмайды және тауар бағасының төмендеуі ретінде бағаланады.

    Жеңілдікте көрсетілген «шегірім бағаға дейінгі болған баға» жеңілдік жасалғанға дейінгі соңғы 30 күндегі ең төменгі баға болуы қажет (ауыл шаруашылығы өнімдерінің бұған қатысы жоқ).

    Сатушының бағаны жасанды түрде арттырып, кейін төмендетілген бағаны жеңілдік ретінде көрсету арқылы тұтынушыларды жаңылыстыруына тыйым салынады.

    Сатушы өз тауарларына салыстырмалы түрде жеңілдіктерді жариялаған кезде тауарлар мен бағалардың есебін жүргізуге, тауардың соңғы 30 күндегі қолданыста болған тауар бағасын жазуға және тұтынушының талабына орай, осы мәліметтерді ұсынуға (ауыл шаруашылығы өнімдерін қоспағанда) міндетті.

    Сатушы ынталандырушы акция өткізуде:

    • Ынтыландырушы акцияларды жариялауда оның шарттарын, жарамдылық мерзімін, сатып алу шарттарын, акцияға қойылатын тауардың атауын (санатын), мөлшері және басқа да маңызды ақпаратты тұтынушыларға нақты және түсінікті түрде жариялауға;
    • ынталандыратын акциялар жарияланған соң оның шарттарын өзгертпеуге;
    • ынталандыратын акциялар барысында ұсыныс жасалған шегірім, банус және басқа жеңілдіктердің шынында да жүзеге асуын қамтамасыз ету қажет.

    Сатушы тауар бағасына жеңілдік қолдану кезінде:

    • жеңілдікті белгілі бір пайыз немесе сома ретінде белгілеуі және тауардың бағасы оңай анықталатын және түсінікті болуын қамтамасыз ету;
    • ұтынушының сұрауы бойынша әрбір тауардың «жеңілдікке дейінгі бағасы» туралы нақты ақпарат беруі;
    • сатушы жеңілдік жарияланғанға дейін соңғы 30 күн ішінде тауардың ең төменгі бағасын осыны растайтын құжаттармен (дәлелдемелермен) (ауыл шаруашылығы өнімдерін қоспағанда) негіздеуге міндетті;
    • арзантатылган баға бойынша сатылатын тауар саны шектеулі немесе маусымдық болса немесе өнімнің жай-күйіне байланысты болса (жарамдылық мерзімі немесе мерзімін жаңалаған, бүтін болмаған, маусымдық сату, ескі қорларды түгету, қораптардың жыртылуы мен басқа да себептер, бұл туралы сатушы шегірім туралы ақпаратта тұтынушыларды хабардар етуі қажет;),
    • жеңілдік бағасының қолданылу мерзімі (басталу және аяқталу күні) нақты көрсетілуі;
    • Егер жеңілдікті пайдалану тұтынушыдан жеке деректерді немесе тіркеуді талап етсе, сатушы жеке деректер туралы заңнаманы сақтауға және тұтынушыларды олардың деректерін өңдеудің мақсаттары мен шарттары туралы хабардар етуге тиіс.

    Жеңілдік жарияланған кезде оның шарттары мен жарамдылық мерзімі анық көрсетілуі керек.

    No date selected
    December 2025
    1
    2
    3
    4
    5
    6
    7
    8
    9
    10
    11
    12
    13
    14
    15
    16
    17
    18
    19
    20
    21
    22
    23
    24
    25
    26
    27
    28
    29
    30
    31
    Use cursor keys to navigate calendar dates