Мемлекет басшысы былғары өнеркәсібімен айналысатын кәсіпорынға барды

    Билік 1 Fevral 2023 5369

    Кәсіпкерге еркіндік беріліп, қолдау көрсетілсе, оның қарқынды дамуының жарқын мысалын Шахрихан ауданындағы «Elegant shoes and» кәсіпорнынан көруге болады.

    Бастапқыда қолөнермен айналысқан кәсіпкер соңғы төрт жылдан бері шағын ғимаратта жұмыс істеп келген. Өткен жылы кәсіпкер өз қаражаты есебінен құны 8 миллион доллар болатын жаңа кәсіпорын құрған. Болашақты ескере отырып, кешен 4 қабат етіп салынған.

    Президент Шавкат Мирзияев осы кәсіпорынның қызметімен танысты.

    Мұндағы құрал-жабдықтар Түркия мен Қытайдан әкелініп, өндіріске түрік дизайнерлері мен технологтары тартылды.

    Бірінші кезеңде 60 түрлі аяқ киім мен былғары бұйымдарын шығару жолға қойылған. Қазір мұнда 500 адам жұмыс істейді. Екінші кезеңде тағы да 500 жұмыс орны ашылады.

    Кәсіпорынның негізгі мақсаты – экспорт. Биыл бұл көрсеткішті 4 миллион долларға жеткізу жоспарлануда. Кәсіпкер Еуропа нарығына шыққысы келетінін айтты. Мемлекет басшысы осыған байланысты шенеуніктерге тапсырма берді.

    – Былғары өнеркәсібі де драйверге айналып, кәсіпорындар көбейіп келеді. Енді оларды кепілдендірілген шикізатпен қамтамасыз ету керек. Екіншіден, үй шаруасымен үйде отырған әйелдерді де жұмысқа шақыру керек. Жалпы, мұндай озық кәсіпорындардың дамуына қолдау көрсетіп, кластерге айналдыруға болады, – деді Шавкат Мирзияев.

    Жауапты азаматтарға ғылыми институттарға тапсырыс беріп, сырттан келетін шикізатты жергіліктендіруді тапсырылды.

    Мемлекет басшысы кәсіпорында жұмыс істейтін қыз-келіншектермен сұхбаттасты.

    – Бүгін біз Әндіжанға кәсіпкерлікті кеңейту, тұрақты қуат көздерін жасау, халықтың табысын арттыру мақсатында келдік. Сіздің жалақыңыз қашан өседі? Егер шығарылатын өнім нарықта өтімді болса. Ол үшін сапа, білім, дағды керек. Сондықтан біз қыз-келіншектердің кәсіп үйренуіне баса назар аударып отырмыз, – деді Президент.

    No date selected
    December 2024
    1
    2
    3
    4
    5
    6
    7
    8
    9
    10
    11
    12
    13
    14
    15
    16
    17
    18
    19
    20
    21
    22
    23
    24
    25
    26
    27
    28
    29
    30
    31
    Use cursor keys to navigate calendar dates