Шавкат Мирзияев Әндіжан облысындағы кәсіпорын жұмысымен танысты

    Билік 17 Iyun 2021 4523

    Президент Шавкат Мирзияев 17 маусымда аймақтардағы өзгерістер және халықтың тыныс-тіршілігімен танысу мақсатында Әндіжан облысына барды.

    Сапар барысында Мемлекет басшысы Әндіжан облысының шалғай аудандардың бірі «Избоскан» ауданында жаңадан іске қосылған «And gold» тігін және тоқыма кәсіпорнының жұмысымен танысты.

    Жалпы құны 2,5 миллион АҚШ долларды құрайтын жоба аясында жаңа ғимарат салынып, заманауи жабдықтар орнатылған. Компанияның өндірістік қуаты жылына 3,5 млн дана дайын трикотаж шығаруға қауқарлы. Өнімнің 100 пайызын экспорттау жоспарланып отыр. Осыған байланысты жылдық мүмкіндік 5 миллион доллардан асады. Қазіргі уақытта бұл кәсіпорын Қытай және Ресей иірілген жіп жеткізуге келісімшарттар жасаған.

    830 қыз-келіншектер жұмыс істейін компанияның жұмысымен танысқан Президент, ондағылармен сұхбаттасты.

    - Сізге құрметім мен сүйіспеншілігім шексіз. Өзіңіз тұратын мекенде жұмысқа орналасқаныңызға қуаныштымын. Бұл мекенде мұндай заманауи кәсіпорын қашан болған? Біз бұл жұмыстарды жалғастырамыз. Қыз-келіншектер үшін барлық жағдайларды жасаймыз. Әйел қауымы жұмысты болып, көңіл-күйі жақсы болса, оның отбасы бақытты болады, - деді Шавкат Мирзияев.

    Атаулы зауыт толық қуатта жұмыс істей бастаса шеткі аймақтардағы 1200 адам тұрақты жұмыспен қамтылатын болады.