Шетелдіктер Ресей визасын алмас бұрын сұхбаттан өтеді

    Енді Ресей визасын алғысы келетін шетелдіктер берілген мәліметтерді тексеру үшін сұхбаттан өтуі шарт.

    Ресей үкіметінің жаңа жарлығымен енгізілген бұл шара сапардың мақсаты мен елде болу шарттарын бекітуге бағытталған. Сұхбат барысында өтініш берушілер өз ниеттерін растайтын қосымша құжаттарды ұсына алады.

    « Шетел азаматына виза беру мәселесін қарауда, Ресей Федерациясына сапар мақсатын және Ресей Федерациясы аумағында болу шарттарын растайтын мәліметтердің дұрыстығын қосымша түрде тексеру үшін өкілетті мемлекеттік орган шетел азаматымен жеке сұхбат жүргізеді», — делінген құжатта.

    Ресейге кіру үшін Еуропа, АҚШ, Канада, Австралия, Африка және Оңтүстік Американың бірқатар елдерінің азаматтарына виза қажет. Дегенмен, ТМД елдері, Куба, Венесуэла, Қытай, Түркия және Сербия азаматтары үшін жеңілдікті шарттар немесе визасыз режим бар.

    Бұдан тыс, 55 мемлекеттің азаматтары консулдық мекемелерден өтпей-ақ электронды виза алуға өтініш бере алады. Бірыңғай электронды виза енгізілгеннен бері бұл мүмкіндікті 540 мыңнан астам адам пайдаланды, оның ішінде Қытай, Сауд Арабиясы, Германия, Түркия және Эстония азаматтары көш бастап тұр, деп хабарлайды Kazinform.

    Ресей Сыртқы істер министрлігінің мәліметі бойынша, өткен жылы барысында ең көп электронды виза Қытай азаматтарына берілген – 254 200. Үздік үштікке Сауд Арабиясы (43 400 виза) және Германия (42 600 виза) кірді. Төртінші және бесінші орындарда Түркия (32,8 мың виза) мен Эстония (28,6 мың виза) тұр.

    No date selected
    December 2024
    1
    2
    3
    4
    5
    6
    7
    8
    9
    10
    11
    12
    13
    14
    15
    16
    17
    18
    19
    20
    21
    22
    23
    24
    25
    26
    27
    28
    29
    30
    31
    Use cursor keys to navigate calendar dates