баннер
30 Mar 2025
04:20

    Қоқыс полигондарының аумағында экоөнеркәсіп аймақтары құрылады

    Өзбекстан Республикасы Президентінің «Қоқыстарды қайта өңдеу саласын одан әрі жетілдіру және кешенді жүйелендіру іс-шаралары туралы» жарлығы (ПФ-56-санды, 24.03.2025 ж.) қабылданды.

    Жарлыққа орай, қоқыстарды қайта өңдеу саласындағы негізгі бағыттар белгіленді, атап айтқанда:

    қолданыстағы қатты тұрмыстық қалдықтар полигондарын 2030 жылға дейін 50 пайызға қысқарту;

    жаңадан пайда болған қоқыстарды полигонға жібермей максмал деңгейде қайта өңдеу немесе өртеу, салаға циркулярлық экономика тәжірибесін енгізу.

    2026 жылдан бастап қоқыс полигондары Экология, қоршаған ортаны қорғау және климаттың өзгеруі министрлігінің ұсынысына сәйкес Министрлер Кабинетінің қаулысы негізінде құрылады.

    Сондай-ақ Қоқыстарды басқаруды және циркулярлық экономиканы дамыту агенттігі жүйесінде қоқыс полигондары аумағында қоқыстарды утилизациялау және қайта өңдеуге мамандандырылған өнеркәсіп аумақтары 30 жыл мерзімге құрылады.

    Сонымен қатар, Наманган және Ташкент облыстарында қатты тұрмыстық қалдықтарды термиялық әдісте утилизациялау (өртеу) бойынша инвестициялық жобаларды іске асыру мақсатында ауыл шаруашылығына арналған суармалы 19,87 гектар жер учаскелері ауыл шаруашылығына арналған жер санатынан өнеркәсіптік, көліктік, байланыс, қорғаныс және басқа да мақсаттарға арналған жерлер санатына өткізіледі.

    No date selected
    March 2025
    1
    2
    3
    4
    5
    6
    7
    8
    9
    10
    11
    12
    13
    14
    15
    16
    17
    18
    19
    20
    21
    22
    23
    24
    25
    26
    27
    28
    29
    30
    31
    Use cursor keys to navigate calendar dates
    Мы в Телеграм
    Text to speech