Сенбі және жексенбі күндері елдің көптеген аймақтарында жауын-шашынсыз ауа райы сақталады, тек Ташкент, Самарқант, Жызақ және Сырдария облыстарының кей жерлерінде қысқа мерзімді жаңбыр  жауып,  найзағай болуы мүмкін. Жексенбі, 19 сәуір күні Ферғана аңғарының кейбір жерлерінде де аздаған жаңбыр жаууы ықтимал.

Жексенбі күні республиканың солтүстік-батыс аймақтарында кей жерлерде желдің жылдамдығы секундына 15–20 метрге дейін жетеді, шаңды дауылдар байқалуы мүмкін. Демалыс күндері ауа температурасы біртіндеп көтеріліп, жексенбі күні күндіз +20…+25 градусқа, ал оңтүстікте +26…+28 градусқа дейін жылынады.

Республиканың таулы аумақтарында  17–19 сәуір күндері  жаңбыр жауады,  таулы жерлерде жауын-шашын (жаңбыр, қар) болады. Сел және су тасқыны болу қаупі бар.

Ташкентте демалыс күндері аздаған жаңбыр жаууы мүмкін. Жұма күні ауа температурасы +14…+16, сенбі күні +19…+21 және жексенбі күні +21…+23 градус болады.