“Узгидромет” агенттігінің хабарлауынша, жексенбі, 13  апрель күні Қарақалпақстан Республикасы, Хорезм, Бұхара, Науаи облыстарында түнде және күннің бірінші жартысында кей жерлерде жаңбыр жауып, күн күркірейді.

Республиканың қалған аумақтарында тек кешке кей жерлерде қысқа мерзімді найзағай шақпақ шағады. Сұрхандария облысы мен Ферғана аңғарында жауын-шашын күтілмейді.

Осы күндері облыстардың басым бөлігінде өте ыстық ауа райы сақталады, ауа температурасы 27-32 градус шамасында, кей жерлерде 34 градусқа дейін, оңтүстікте 36 градусқа дейін ыстық болады. Тек республиканың солтүстігінде 12 апрель күні ауа температурасы 18-23 градусқа дейін төмендесе, 13 апрельге қарай ауа температурасы қайтадан көтеріле бастайды. Жел 7-12 м/с жылдамдықпен соғады, кей жерлерде 13-18 м/с күшеюі мүмкін.

11-12 апрель күндері тау бөктерінде және таулы аймақтарда жауын-шашын күтілмейді, 13 апрельде кей жерлерде жаңбыр жауады, найзағай болады.

Ташкентте негізінен жауын шашынсыз ауа райы күтілуде, 13 апрель күні кешке аздаған жаңбыр жауып, найзағай болады. Шығыстан шамалы жел соғады. Ауа температурасы негізінен түнде 14-19 дәреже, күндіз 27-32 градус жылы болады.