Демалыс күндері ауа райы болжамы жарияланды

    Ауа температурасы түнде 0...-5 градус суық, күндіз +4...+8 градус жылы, қар кезінде +1...+3 градус жылы болады.

    «Узгидрометтің» хабарлауынша, ертең, 4 январь күні Өзбекстанның басым бөлігінде жауын-шашын (жаңбыр, қар) болады. Тек Қарақалпақстан, Хорезм облысы және Ферғана аңғары облыстарында жауын-шашын күтілмейді.

    Жексенбі, 5 январь республика аумағының басым бөлігінде жауын-шашынсыз ауа райы сақталады. Ферғана аңғарының аймақтарында уақыт-уақытымен жауын-шашын болады, негізінен қар түрінде жауады. Ташкент, Жызақ, Сырдария облыстарында тек түнде және таңертең аздаған қар жаууы мүмкін.

    Ауа температурасы түнде 0...-5 градус суық, күндіз +4...+8 градус жылы, қар кезінде +1...+3 градус жылы болады.

    Республиканың кей аймақтарында тұман түседі.

    Республиканың тау бөктерінде және таулы аймақтарында кейде жауын-шашын, негізінен, қар түрінде болады. Таулы аймақтарда қар көшкіні болу қаупі бар.

    Елордамызда: 3 январь күні жауын-шашын болмайды, ауа температурасы 5-7 градус жылы болады.

    4 январь күні кешке, сондай-ақ 5 январьда түнде және таңертең аздаған жауын-шашын (түнде қар) болады. 5 январь күні күндіз жауын-шашын күтілмейді. Түнде ауа температурасы 0...-3 градус суық, күндіз +3...+6 градус жылы болады.

    Түнде және таңертең кей жерлерде тұман түседі.