Демалыс күндері елімізде қандай ауа райы сақталады?

    Ел назарында 15 Mart 2024 624

    Демалыс күндері де республика аумағының басым бөлігінде құрғақ және бұлтты ауа райы сақталады.

    Тек Қарақалпақстан Республикасы мен Хорезм облысында 17 март жексенбі күні кей жерлерде жаңбыр жаууы мүмкін.

    Республиканың кей жерлерінде желдің жылдамдығы 15-18 м/с күшейеді.

    14 март күні кіріп келген суық ауа массасына байланысты Өзбекстанның барлық облыстарында ауа райы қатты суық болады, бірақ бұл суық республика аумағынан тез шығып, ауа температурасы көтеріле бастайды.

    Бүгін түстен кейін ауа температурасы 8-13 градус шамасында болса, жексенбіде 15-20 градусқа дейін жылиды.

    Сенбіден жексенбіге өтер түні республиканың кей жерлерінде аздап суық сақталады, жексенбіде ауа температурасы түнде 2-7 градусқа дейін жылы болады.

    Түнде және таңертең кей жерлерде тұман түседі.

    Бүгін және демалыс күндері таулы аймақтарда жауын-шашын күтілмейді. Қар көшіу қаупі сақталады.

    Астанамызда: 15-17 наурызда жауын-шашын болмайды. Түнде және таңертең тұман түсуі мүмкін. Шығыстан 3-8 м/с жылдамдықпен жел соғады. Ауа температура: бүгін күндіз 9-11 градус жылы;

    Сенбі күні түнде 0-2 градус суық, күндіз 13-15 градус жылы болады; жексенбі күні түнде 2-4 градус жылы, күндіз 16-18 градус жылы болады, деп хабарлайды Өзбекстанның Гидрометеорологиялық қызметінің агенттігі.