British Journal of Sports Medicine журналында жарияланған зерттеуге сәйкес, бір немесе екі күндік жаттығу ақыл-ойдың әлжуаздығы (деменция) қаупін азайтады.
Зерттеушілер аптасына бір немесе екі күн жаттығу жасайтын «демалыс күндері жауынгерлерінің» жеңіл деменция қаупі орташа есеппен 15 пайызға, ал тұрақты жаттығулар жасайтын «спортшыларда» 10 пайызға төмендегенін анықтады.
Сондай-ақ демалыс күндері жасаған жаттығулар жоғары қан қысымы, қант диабеті және бүйрек аурулары сияқты 200-ден астам аурудың даму қаупін азайтады.
Зерттеулерде орташа жасы 51-дегі 10 мыңнан астам адам қатысты.