Демалыс күндері жаңбыр жауады деп күтілуде

    Гидрометеорологиялық қызмет орталығы 30 сентябрь, 1-2 октябрь күндері ауа райы туралы ақпарат берді.

    Бүгін Өзбекстан аумағында ауа райы өзгереді, аумақтың басым бөлігінде жауын-шашынсыз ауа райы сақталады, Кавказ аумақтарынан әлсіз антициклон кіріп келуде, тек Қарақалпақстан Республикасының кей жерлерінде аздап жауын жауады. Күндіз ауа температурасы 20-25° шамасында болады.

    Ертең, 1 октябрь күні антициклон республиканың барлық аумақтарына таралады. Ташкент облысында кешқұрым және таңертең, Ферғана аңғарындағы облыстарда аздап жаңбыр жауады, республиканың тау бөктерінде және таулы аймақтарында кей жерлерде жаңбыр жауады, қалған аумақтарда жауын-шашынсыз ауа райы күтіледі. Ауа температурасы түнде 10-15° жылы болады, күндіз 21-26° -қа дейін төмендейді.

    2 октябрь күні антициклон әсері жалғасады. Өзбекстанда құрғақ және салқын ауа райы күтіледі. Түнде термометр бағаны 8-13°-қа дейін төмендейді, күндіз 21-26° шамасында болады.

    Осы күндері солтүстік, оңтүстік, шөлейтті аймақтарда кей жерлерде жел 15-18 м/с күшеюі мүмкін.