Өзбекстанда бүгін жауын-шашын күтілмейді, тек кешке Ташкент облысында, сондай-ақ республиканың тау бөктерлері мен таулы аймақтарында кей жерлерде қысқа мерзімді жаңбыр жауып, найзағай шақпақ шағады. Күндізгі ауа температурасы +28...+33 градусты құрайды.
Демалыс күндері еліміздің басым бөлігінде ауа ашық болады деп күтілуде. Тау бөктерінде және таулы аймақтарда ауа райы құбылмалы, қысқа мерзімді жаңбыр жауып, найзағай күркірейді.
Жексенбі күні республикамыздың солтүстік-батыс аймақтарында желдің жылдамдығы 18-23 м/с күшейеді. Ауа температурасы түнде 11-16 градус шамасында, күндіз +28...+33 градус жылы болады.
Астанамызда бүгін жауын-шашын күтілмейді, кешке қысқа мерзімді жаңбыр жауып, найзағай болуы мүмкін. Жел 3-8 м/с жылдамдықпен соғады. Ауа температурасы +28..+30 градус болады.
Демалыс күндері жауын-шашын күтілмейді. Жел 3-8 м/с жылдамдықпен соғады. Ауа температурасы түнде +13..+15, күндіз +29..+31 градус болады.