Бүгін ерлер арасында 90 кг салмақ категориясындағы сайыстардың жеңімпазы мен жүлдегері анықталады. Осы салмақ категориясындағы еліміздің абыройын қорғаған Давлат Бобонов әлем чемпионаты финалына жолдама алды.
Өзбекстанның 2020 жылғы ең жақсы спортшысы қазірдің өзінде әлем чемпионатының күміс медалін нақтылады . Финалда Давлат тегі грузиялық болған Испания құрама командасының мүшесі Николоз Шеразадишвилиге қарсы татамиға түседі.
Бобонов турнирдің екінші айналымында япониялық Санширо Мураоны, ал екінші кезеңінде израилдік Ли Кочман, ширек финалда болса қазақстандық Ислам Бозбаевты жеңді.
Финал табалдырығында жерлесіміз венгриялық тәжірибелі дзюдошы Кристиан Тоттпен күш сынасты. Ымырасыз өткен сайыста Бобонов қарсыласын жеңді және финалға жолдама алды.
Әлем чемпиондығы үшін белдескен спортшылардың өзара сайыстарына тоқталсақ, бүгінге дейін дзюдошылар екі рет сайысқан.
Өкінішке орай екеуінде де испаниялық спортшы басым түскен. Олардың алғашқы сайысы 2020 жылы Париждегі “Үлкен дуылға” жарысына тура келеді. 3- басқышта Бобоновтың бағасы алдында еді. Бірақ негізгі уақыт аяқталуына 3 минут қалғанда жерлесіміз үшінші шидони алды енді жеңіс Шеразадишвилиге берілді.
Екінші кездесу болса пандемиядан кейінгі дзюдо рестартына, қазірде Әлем Чемпионы өтіп жатқан аренадағы Будапешт “Үлкен дуылға” турниріне тура келуде. Ширек финалда испаниялық спортшы қосымша минутта қолға кіріткен вазари бағасымен жеңді.
Николоз Шеразадишвили 1996 жылы Грузияда туылған. 10 жасында жанұясы Мадридке көшіп кетеді. Ол 2014 жылдан бері Испания құрама командасының беделін қорғап келуде. 190 см бойы бар жусасы кең балуан 1918 жылы Әзербайжанның Баку қаласында өткен Әлем чемпионатында жеңіске жеткен.
Николоз 90 кг салмақ категориясында әлем және Олипиада рейтингінің жетекшісі. Ол Испания спорты тарихында алғаш рет әлем чемпионы болған дзюдошы саналады.
Әлем чемпионатының финал белдесуіне старт беріледі. Біз Давлат Бобоновқа сенеміз, оған жеңіс тілейміз.