Мемлекеттік бюджеттің 2024 жылдың бірінші жартыжылдығының атқарылуы қаралды

    Олий Мажлис Заң шығару палатасының кезектегі мәжілісінде депутаттар Өзбекстан Республикасы Мемлекеттік бюджетінің және мемлекеттік мақсатты қорлары бюджеттерінің 2024 жылдың бірінші жартыжылдығындағы атқарылуы туралы есебін қарады.

    Күн тәртібіндегі мәселе бойынша Өзбекстан Республикасы Премьер-министрінің орынбасары – Экономика және қаржы министрі Жамшид Кочкаров ақпарат берді.

    Өзбекстанда 2024 жылдың бірінші жартыжылдығында мемлекеттің жалпы ішкі өнімі 6,4 пайызға өскені – соның айқын дәлелі. Мұндай оң өсу қарқыны экономикамыздың барлық салалары мен тармақтарының дамуында байқалды. Яғни, базар қызметтері 12,9 пайызға, өнеркәсіп өнімі 7,8 пайызға, құрылыс жұмыстары 10,1 пайызға және ауыл шаруашылығы өнімдерін өндіру 3,8 пайызға өсті.

    Атап айтқанда, негізгі капиталға игерілген инвестиция көлемі 229,3 трлн. сумды құрап, өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 36,6 пайызға артқанына ерекше назар аударылды. Халықтың әл-ауқатын қамтамасыз етуде халықтың нақты табысының 8,6 пайызға өсіп, инфляция деңгейінен (5,2 пайыз) жоғары болуы маңызды болды.

    Еліміздің ашықтық саясатының нәтижесінде серіктес мемлекеттермен экономикалық байланыстар нығайып келеді. Биылғы жылдың бірінші жартыжылдығында еліміздің сыртқы сауда айналымы 31,8 млрд. долларды құрап, өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 2,6 млрд. долларға дейін өскені соның дәлелі.

    Кәсіпкерлікті қолдап-қуаттауға бағытталған жүйелі реформалардың нәтижесінде жұмыс істеп тұрған заңды тұлғалар мен жеке тәтіптегі кәсіпкерлік субъектілерінің саны өткен жылмен салыстырғанда 21,5 мыңға артып, 833 мыңға жеткен. Бұл ретте, пайда мен қосылған құн салығын төлеушілер өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 26,6%-ға өскен.

    Атап өткендей, 2024 жылдың бірінші жартыжылдығында Мемлекеттік бюджеттің табыстары 121,0 трлн. сумды құрап, 2023 жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 18,3 пайызға өсіп, дерлік барлық салықтың түрлері бойынша белгіленген жоспар көрсеткіштері толық орындалған. Мемлекеттік бюджет табыстарының 33,3 пайызын тікелей салықтар, 33,1 пайызын, ресурс салықтары 14,2 пайызды және тағы басқа табыстар 19,5 пайызды құраған.

    Есеп беру кезінде мемлекеттік бюджеттің қаражаттары 149,8 трлн. сумды құрап, 2023 жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 16,0%-ға өскен.

    Халықты сапалы әлеуметтік қызметтермен қамтамасыз ету мақсатында жүргізіліп жатқан жүйелі реформаларды одан әрі тереңдетуде Мемлекеттік бюджеттен бөлінген қаражаттардың 49,5 пайызы осы саланы дамытуға бағытталған. Бұл салаға өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 14 пайызға көп қаржы бағытталған.

    Кәсіпкерлерді қолдап-қуаттау мақсатында 2024 жылдың бірінші жартыжылдығында қосылған құн салығынан айырмашылықты өтеу үшін салық төлеушілерге 14,2 трлн. сум мөлшерінде, 2023 жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 3,4 трлн. сум көп қосылған құн салығы бойынша сумма қайтарылды.

    Депутаттар жергілікті мемлекеттік органдардың лауазымды тұлғаларының атқару тәртібін арттыру, алдағы кезеңге арналған Мемлекеттік бюджет пен мемлекеттік мақсатты қорлар бюджеттерінің уақтылы және сапалы атқарылуына парламенттік бақылауды күшейту қажеттігін баса айтты.

    Қызу сұрақ-жауаптардан кейін депутаттар мемлекеттік бюджеттің және мемлекеттік мақсатты қорлары бюджеттерінің 2024 жылдың бірінші жартыжылдығындағы атқарылуы туралы есеп бойынша тиісті қаулы қабылдады.

    No date selected
    October 2024
    1
    2
    3
    4
    5
    6
    7
    8
    9
    10
    11
    12
    13
    14
    15
    16
    17
    18
    19
    20
    21
    22
    23
    24
    25
    26
    27
    28
    29
    30
    31
    Use cursor keys to navigate calendar dates