Студенттер мен олардың ата-аналарына жеңілдік жасау және қолдап-қуаттау мақсатында және тұрғындардың төлеу мүмкіндігін ескере отырып,  2023/2024 оқу жылына барлық деңгейдегі студенттердің  төлем-келісімшарт негізінде оқыту құнының мөлшері мемлекеттік жоғары оқу орындары, сонымен қатар қаржылық тәуелсіздік белгіленген жоғары оқу орындарында және базалық төлем-келісімшарт құны 2022/2023 оқу жылы үшін белгіленген мөлшерлерде сақталады.

Сонымен қатар, 2023/2024 оқу жылында сараланған төлем-келісімшарт мөлшерлері өткен оқу жылы үшін белгіленген мөлшерлерде өзгеріссіз қалады.

2023/2024 оқу жылы қабылдауында жинақтаған баллдары бекітілген қабылдау параметрлерінің шегіне жетпеген, бірақ сараланған  төлем-келісімшарт негізінде оқуға ниет білдірген талапкерлерге, жаңа оқу жылының басталысымен-ақ келісімшерттар жасауға, сондай-ақ бір жылдық оқыту құнының 50 пайызын төлегендерді студенттер қатарына қабылдауға рұқсат берілді.

Сондай-ақ, тағы бір жеңілдік –  бекітілген сараланған төлем-контракт құнын 2023 жылдың 15 октябріне дейін толық төлеген үміткерлерге 10 пайыздық жеңілдік қарастырылған.