Алдымен «Мемлекеттік қарыз туралы» Заң талқыланды

    Қаржы 2 Avgust 2022 1869

    Ағымдағы жылдың 2 авгусында Сенаттың Бюджет және экономикалық реформалар мәселелері комитетінің жалпы жиналысы алдында комитет мәжілісі өтті.

    Оған Комитет мүшелері, сарапшылар, тиісті министрліктер мен кеңселердің өкілдері, жергілікті Кеңестердің депутаттары, хатшылық меңгерушілері, сала мамандары мен БАҚ қызметкерлері қатысты.

    Мәжілісте Сенаттың кезектегі жалпы жиналысында талқыланатын мәселелер бастапқыда қаралды.

    Атап айтсақ, «Мемлекеттік қарыз туралы» Заң, Өзбекстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес агенттігі директорының Өзбекстан Республикасындағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес жөніндегі ұлттық баяндамасы туралы ақпараты және 2022-2026 жылдарға арналған Жаңа Өзбекстанның даму стратегиясын «Адам қадірін ұлықтау және белсенді махалла жылында» жүзеге асыруға қатысты мемлекеттік бағдарламаның 2022 жылғы бірінші жарты жылдығының қорытындысы бойынша Министрлер Кабинетінің есебі бастапқыда талқыланды.

    Сенаторлар атап өткендей, «Мемлекеттік қарыз туралы» Заңмен мемлекеттің қарызы мен оған қызмет көрсету қаражаттарының үстемдігі, мемлекет қарызының шектелген көлемдері, мемлекеттік билік пен басқару органдарының мемлекеттік қарызын басқарудағы өкілеттерін айқындау көзделген.

    Сондай-ақ, аталған заңды дайындауда мемлекеттік қарызды басқаруда парламенттік және қоғамдық бақылауды орнату бойынша тұтас тиімді жүйесін құруға назар аударылды. Заңмен мемлекеттің қарызы сомасының жалпы ішкі өніммен салыстырғанда ең жоғары мөлшері 60 пайыздан аспауы, мемлекет қарызы есебінен тек әлеуметтік және инфрақұрылымдық жобаларды қаржыландыру мүмкіндігі белгіленуде.

    Заң нормаларына сәйкес мемлекеттің қарызын басқару саласындағы Өзбекстан Республикасы Президенті, Олий Мажлис палаталары, Есеп палатасы, Министрлер Кабинеті, Орталық банк және Қаржы министрлігінің өкілеттері белгіленуде.

    Атап айтқанда, Қаржы министрлігі мемлекеттің қарызын басқару бойынша өкілетті орган етіп белгіленуде.

    Сонымен қатар, мәжілісте Мемлекеттік бағдарламаның 2022 жылғы бірінші жарты жылдығы бойынша Министрлер Кабинеті өкілінің есебі тыңдалды. Атап өтілгендей, қарастырылған шаралардың нәтижесінде жалпы ішкі өнім 105,4 пайызды құрап, 157,5 миллион долларлық қаржы игерілді. Жергiлiктендіру Мемлекеттік бағдарлама шеңберінде 28 түрдегі 3 триллион 940,2 миллиард сумдық өнім өндірілген.

    Сонымен қатар, жиналыста Мемлекеттік бағдарламаның ұлттық экономиканы жедел дамыту және жоғары өсу қарқынын қамтамасыз ету бағытында 33 тармағының орындалуы бойынша жасалған нормативтік-құқықтық құжат жобалары бүгінгі күнге дейін қабылданбағаны айтылды.

    Бұдан тыс, Бағдарламаның орындалуын талқылауда сенаторлар тұрғындардың көптеген наразылықтарына себеп болған мәселелерге ерекше назар аударды.

    Сонымен қатар, Өзбекстан Республикасындағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы ұлттық баяндама да талқыланды.

    Осы салада жүргізіліп жатқан реформаларға қарамастан, экономика мен әлеуметтік салада сыбайлас жемқорлық фактілерінің азаймай отырғаны айтылды. 2022 жылдың 6 айында мемлекеттік сатып алуларда бюджет қаржыларын талан-таражға салу, сыбайлас жемқорлықтың басқа да көрінісіне қатысты 95 қылмыс әшкереленіп, мемлекет мүддесіне 55,2 миллиард сум көлемінде зиян келтірілген.

    Заңбұзушылық жағдайлары негізінен тендерлік сатып алулар кезінде құжаттарды бұрмалау, жасанды жоғары бағамен өнімді сатып алу және сатып алынған 5,2 миллиард сумдық өнімнің кірісін жасыру, жұмыстарды орындамау, қосып жазу немесе жеткізіп бермеу арқылы жасалғаны айтылды.

    Мәжілісте қаралған мәселелер бойынша Комитеттің тиісті қаулысы қабылданды.

    Өзбекстан Республикасы Олий Мажлисі Сенатының Ақпарат қызметі.

    No date selected
    November 2024
    1
    2
    3
    4
    5
    6
    7
    8
    9
    10
    11
    12
    13
    14
    15
    16
    17
    18
    19
    20
    21
    22
    23
    24
    25
    26
    27
    28
    29
    30
    Use cursor keys to navigate calendar dates