2020 жылы іске қосылған кәсіпорынның 7 мың тоннадан астам иірілген жіп шығаруға қуатты. Өткен жылы 51 миллиард сумдық өнім өндіріліп, шамамен 5 миллион долларлығы экспортталды.
Осы уақытқа дейін аймақтағы ең үлкен мәселе жұмыссыздық болған еді. Бұл кәсіпорын халықты, әсіресе әйелдерді тұрақты жұмыспен қамтуда маңызды рөл атқарды. Мұнда 500 жұмыс орны ашылды.
Мемлекет басшысы өндіріс үдерісі мен өнімдерді аралап көрді, жұмысшылармен әңгімелесті. Шенеуніктерге кәсіпорында мақта өңдеудің келесі кезеңдерін меңгеру тапсырылды.
- Бұл жақсы. Бірақ ауданда жұмыс істемейтін жандар болмауы үшін осындай үш-төрт кәсіпорын болуы керек. Өнеркәсіптің басқа салаларындағы жобаларды табу керек, – деді Шавкат Мирзияев.
Аудандағы «Бахром Илгор кластер» ЖШС туралы мәлімет айтылды. кластердің 743 гектар жері лазермен тегістеліп, 100 гектарға суару технологиясы енгізілген.
– Халықтың табыс көзін құруға, жалпы өнімді арттыруға күш салып жатырмыз. Ол үшін не қажет? Ең алдымен су қажет. Бірақ Қарақалпақстанда су, жер есебі өзекті. Дұрыс және үнемді пайдаланса, су жеткілікті болады. Ол үшін егіншілік мәдениетін көтеру, инновациялық технологияларды енгізу қажет, – деді Мемлекет басшысы.
Дәл осы жерде, Шуманай ауданына біріктірілген Хорезм облысы кәсіпкерлерінің инвестициялық жобаларының тұсаукесері өтті.