Мемлекет басшылары Үргеніштегі экскаватор зауытында болды

    Билік 3 Iyun 2022 4358

    Президент Шавкат Мирзияевпен бірге Тәжікстан Президенті Эмомали Рахмон Үргеніштегі «UzXCMG» бірлескен кәсіпорнында болды.

    Өзбекстан мен Қытай арасындағы бұл бірлескен кәсіпорын 2014 жылы құрылған. Жобаның бірінші кезеңінде ауыл шаруашылығы техникасын ауқымды құрастыру, екіншісінде – өнеркәсіптік әдістерді құрастыру, үшіншіде – өндірісті жергіліктендіру жолға қойылды.

    Қазір мұнда экскаватордың 13 түрі мен арнайы техниканың 10 түрі шығарылады. Су шаруашылығына, құрылысқа, жол жөндеуге аса қажет мұндай құрал-жабдықтар бұрын шетелден валютаға әкелінетін. Бөлшектерді жеткізу мен қызмет көрсетуде көптеген қиындықтар болған.

    Бірлескен кәсіпорынның іске қосылуы осы қажеттілікті шешіп қана қоймай, облыстың экономикалық әлеуетін арттыруға, елдегі ирригация және мелиорация шараларын дер кезінде жүзеге асыруға мүмкіндік беруде.

    Бүгінгі таңда кәсіпорын халықаралық стандартқа сай 2 мыңға жуық арнайы техника шығарған. Жергіліктендіру деңгейі 50 пайыздан асты. Енді өнімді шетелге, оның ішінде көршілес елдерге де экспорттау жоспарлануда. Тапсырыс бойынша экскаваторлар мен арнайы техникалар да шығарылады.

    Тәжікстандық қонақтар зауыттағы жұмыс барысын, ауыл шаруашылығы техникалары мен арнайы техникаларды аралап көрді.