Кездесу барысында Ресейдің жетекші мұнай-газ компаниясының Өзбекстан энергетика саласындағы жобаларын жүзеге асыру мәселелері талқыланды. Атап айтқанда, геологиялық барлау жұмыстарын жүргізу, перспективалы көмірсутек кен орындарын игеру, инфрақұрылымды жаңғырту және мұнай өнімдерін бөлшек саудада сату жүйесін дамыту мәселелері қаралды.
Сонымен қатар, компанияның Өзбекстандағы қызметін кеңейтуге қатысты жоспарлар бойынша пікір алмасылды. Мамандарды даярлау және жұмыспен қамту, сондай-ақ әлеуметтік маңызы бар бағдарламаларды іске асыруға ерекше назар аударылды.