баннер
24 Dek 2024
02:42
  • 13386.87 сум
  • 125.96 сум
  • 12893.07 сум

Мемлекет басшысы марқұм академиктің отбасына көңіл айтты

Өзбекстан Ғылым академиясының президенті, физика-математика ғылымдарының докторы, академик, Олий Мажлис Сенатының мүшесі, Өзбекстан Республикасының ғылым қайраткері Бехзод Юлдашев кеше, 28 тамызда қайтыс болды.

Президент Шавкат Мирзиёев бүгін марқұмның отбасына барып, көңіл айтты. Құран оқылып, дұға бағышталды.

Мемлекет басшысы марқұмның игі істерін, Отанға сіңірген еңбегін еске алды.

Бехзод Юлдашев 1945 жылдың 9 мамырында Ташкент қаласында дүниеге келген. Еңбек жолын 1968 жылы Ғылым академиясының Ядролық физика институтында стажер-зерттеуші ретінде бастаған. Жоғары энергиялар физикасы саласында халықаралық деңгейде кеңінен танылған ғалым Ядролық физика институтының директоры және Ғылым академиясының президенті ретінде өзінің жоғары ғылыми және ұйымдастырушылық әлеуетін танытты. Жоғары білікті ғылыми кадрлар даярлау, шетелдік ғылыми орталықтармен ынтымақтастықты дамыту және ғылыми нәтижелерді экономика салаларында қолдануға қомақты үлес қосты. Ол Халықаралық атом энергиясы агенттігінде және университеттерде жұмыс істеген, көптеген ірі жобаларды басқарған.

Б.Юлдашев Олий Мажлис депутаты, кейіннен Олий Мажлис Сенатының мүшесі ретінде заң жобаларын әзірлеу және қабылдау барысында үлкен белсенділік танытып, жемісті еңбек етті.

Академик Б.Юлдашевтің ел ғылымын дамытуға қосқан үлесі мемлекет тарапынан лайықты бағаланды. Ол «Өзбекстан Республикасының ғылым қайраткері» құрметті атағына, «Ерен еңбегі үшін» және «Еңбек даңқы» ордендеріне, Беруний атындағы мемлекеттік сыйлыққа, сондай-ақ «Қарақалпақстан Республикасының еңбегі сіңген ғылым қайраткері» атағына ие болды.

Мемлекет басшысы марқұмның жұбайы мен балаларына көңіл айтып, сабыр тіледі. Олар Президенттің келіп, қолдау сөздерін білдіргеніне алғыс айтты.

No date selected
December 2024
1
2
3
4
5
6
7
8
9
10
11
12
13
14
15
16
17
18
19
20
21
22
23
24
25
26
27
28
29
30
31
Use cursor keys to navigate calendar dates
Мы в Телеграм
Text to speech