Декабрь айында бізді қандай ауа райы күтуде?

    Узгидромет мамандары Өзбекстанда ағымдағы жылдың декабрь айында күтілетін ауа райы туралы мәліметтерді ұсынды.

    Айдың бірінші онкүндігінде Өзбекстан аумағында температура режимі орташа көпжылдық көрсеткіштерге жақын болатыны атап өтілді.

    Ауа температурасы негізінен түнде -3 градус суық — +2 градус жылы, күндіз +3...+8 градус жылы, кей жерлерде +10 градусқа дейін жылы, солтүстікте түнде -3...-8 градус суық, күндіз күні +2 ... +7 шамасында жылы болады деп күтілуде.

    1 декабрьде республиканың кей жерлерінде жауын-шашын (жаңбыр, кей жерлерде қарға айналуы мүмкін) болады. 2 декабрь кейбір таулы аймақтарда қар жауады деп күтілуде.

    Содан кейін бірінші онкүндіктің соңына дейін дерлік (3-8 декабрь) Өзбекстан аумағында негізінен құрғақ ауа райы сақталады, тек онкүндіктің соңында (9-10 декабрь) республиканың кейбір жерлерінде жауын-шашын болуы мүмкін.

    Декабрь айының екінші және үшінші онкүндігінде ауа температурасы 0...-5 градус суықтан +2...+7 градус жылыға дейін, күндіз +3...+8 жылыдан +10... +15 градус жылыға өзгеріп тұрады, айдың соңында ауа температурасы түнде -5...-10 градус суыққа дейін, күндіз 0...-5 градусқа дейін төмендейді.

    Солтүстікте ауа температурасы түнде -8...-13 градус суық, кей жерлерде -15...-17 градус суық, -3 градустан суық — +2 градусқа дейін жылы, күндіз –2 дәреже суық — +3 градус жылыдан +3... +8 градусқа дейін өзгереді.