Демалыс күндері Өзбекстанның барлық облыстарында ауа райы аздап бұлтты болады, кей жерлерде құбылмалы, жауын-шашын күтілмейді.
Осы аптаның бірінші жартысында жауған жаңбыр мен суықтан кейін, аптаның соңына қарай, Өзбекстанға тағы да «Алтын күз» келді.
Бүгін және демалыс күндері Өзбекстанның барлық облыстарында ауа райы аздап бұлтты болады, кей жерлерде құбылмалы, жауын-шашын күтілмейді. Жел шамалы және орташа жылдамдықпен соғады.
Ауа температурасы түнде +5...+10 градус жылы, күндіз +19...+24 градус, оңтүстікте +25...+27 градусқа дейін жылы болады.
Астанамызда: 3-5 ноябрь күндері ауа райы аздап бұлтты болады, уақыт-уақытымен құбылады, жауын-шашын күтілмейді. Ауа температурасы түнде +7...+10, күндіз +20...+23 градус болады.