Республика аумағының басым бөлігінде күн ашық болады, тек Ферғана аңғарының таулы аймақтарында түстен кейін қысқа мерзімді жауын-шашын, күн күркіреуі мүмкін. Кей жерлерде желдің жылдамдығы 13-18 м/с дейін күшейіп, шаң-тозаң көтеріледі.

Демалыс күндері ауа бұлтты болады, жауын-шашын күтілмейді. Ауа температурасы біраз көтеріледі. Күндіз ауа температурасы +37...+40 градус шамасында, оңтүстік және шөлейт аймақтарда +41...+43 градусқа дейін болады.

Алдағы аптада Өзбекстан аумағына ыстық ауа еніп, ауа температурасы қайтадан +1...+2 градусқа көтеріледі.

Астанамызда 21-23 июль күндері аз бұлтты болады, жауын-шашын күтілмейді. Жел шығыстан 3-8 м/с жылдамдықпен еседі. Ауа температурасы бүгін +36...+38 градус, сенбі және жексенбі күндері +38...+40 градус болады.