Түнде 0-5 градус суық, кей жерлерде 2 градусқа дейін жылы, 23 февраль күндіз 2-7 градус жылы, 24-25 февраль күндері 0-5 градус жылы айналасында болады. Солтүстікте түнде 7-12 градус суық, күндіз 0-5 градус жылы болады.

Сондай-ақ бүгін республика аумағында жауын-шашын күтілмейді, тек Ташкент облысында кей жерлерде жауын-шашын (жаңбыр, қар) болады.

24-25 февраль күндері республиканың басым аумақтарында уақыты-уақытымен қар аралас жаңбыр жауады, тек Қарақалпақстан Республикасы мен Хорезм Сұрхандария облыстарында жауын-шашын болмайды.

Таулы аймақтарда кей жерлерде қар жауады. Қар көшіп кету қаупі бар.

Республиканың кей жерлерінде тұман түседі. Жел 7-12 м/с жылдамдықпен соғады, 24-25 февраль күндері 15-18 м/с күшеюі мүмкін.

Кей жерлерде жолдар тайғақ болады.

Астанамызда: бүгін күндіз уақыты-уақытымен жауын-шашын (жаңбыр, қар) болады. Ауа температурасы 3-5 градус жылы болады.

Сенбі күні өткінші қар жауады. Батыстан 5-10 м/с жылдамдықпен жел соғады. Ауа температурасы түнде 1 градус суық-1 градус жылы, күндіз 1-3 градус жылы болады.

Жексенбі күні жауын-шашын (жаңбыр, қар) болуы мүмкін. Ауа температурасы түнде 3-5 градус суық, күндіз 2-4 градус жылы болады.

Түнде және таңертең тұман түсуі мүмкін. Жел 3-8 м/с жылдамдықпен соғады, деп хабарлайды Өзбекстанның Гидрометеорологиялық қызметінің агенттігі.