Денауда «SAVE ARAL» халықаралық экомарафоны мыңдаған адамның басын қосты

    Спорт 4 Noyabr 2021 299

    Сұрхандария облысының Денау ауданында «Жаңа тыныс» спорттық-әлеуметтік қозғалысы аясында «Save Aral» қайырымдылық акциясы аясында жаппай жүгіру марафоны өтті.

    Бұл бұқаралық спорт шарасы Өзбекстан Республикасы Президентінің 2020 жылғы 24 январьдағы «Өзбекстан Республикасында дене шынықтыру мен спортты одан әрі жетілдіру және кеңінен насихаттау іс-шаралары туралы» Жарлығына сәйкес Туризм және спорт министрлігі, Өзбекстан жеңіл атлетика федерациясы, Сұрқандария облысы және Денау ауданының әкімшілігі тағы басқа бірқатар спорт ұйымдарымен бірге ұйымдастырылды.

    «Save Aral – 2021» спартакиадасын өткізу халық арасында дене шынықтыру мен салауатты өмір салтын насихаттауға бағытталған қадамдардың бірі болмақ. Осы форматтағы іс-шаралардың арқасында, жасы мен дене дайындығы деңгейіне қарамастан, бұқаралық жарыстарға қатысатын белсенді азаматтардың саны артып келеді.

    Марафонға жергілікті халықтың өкілдері, оның ішінде Сурхандариядан келген әуесқой жүгірушілер, сондай-ақ білікті де атақты спортшылар, жаттықтырушылар, облыстың жас және еңбек сіңірген спортшылары қатысты.

    3000-нан астам ерікті спортшылар қатысқан «Save Aral» халықаралық экомарафонының соңында мәреге бірінші болып жеткен бірқатар жастар ұйымдастырушылар тарапынан мақтау қағаздармен, естелік сыйлықтармен марапатталды.

    No date selected
    April 2024
    1
    2
    3
    4
    5
    6
    7
    8
    9
    10
    11
    12
    13
    14
    15
    16
    17
    18
    19
    20
    21
    22
    23
    24
    25
    26
    27
    28
    29
    30
    Use cursor keys to navigate calendar dates