Жәрмеңке Инвестициялар, өнеркәсіп және сауда министрлігінің үйлестіруімен Сұрхандария облысы әкімдігі, Цифрлық трансформация орталығы, “Терміз халықаралық сауда орталығы” еркін сауда аймағы, «Узсаноатқурилишматериаллари» және «Узкимёсаноат» бірлестіктерінің ынтымақтастығымен ұйымдастырылды.
Шараның басты мақсаты – заманауи, бәсекеге қабілетті, экспортқа бағдарланған, импорттың орнын басатын өнімдер өндіруді ұлғайту, өнеркәсіп әлеуеттін одан әрі арттыру, жергіліктендіру көлемін кеңейту.
Екі күнге созылған аймақтық салааралық өнеркәсіп жәрмеңкесінде еліміздің бес әлеуетті салалық кәсіпорны мен облыста жұмыс істеп тұрған 200-ден астам жергілікті кәсіпкелер ауыл шаруашылығы, жеміс-көкөніс өнімдерін қайта өңдеу, химия өнеркәсібі, былғары аяқ киім және тоқымашылық, құрылыс материалдары, азық-түлік өнеркәсібі сынды салаларда өздері өндіретін 500 түрдегі өнеркәсіп өнімдерімен қатысуда, деп хабарлайды Инвестициялар, өнеркәсіп және сауда министрлігінің баспасөз қызметі.
Жәрмеңкеге қатысқан Ауғанстан делегациясы жәрмеңке көрмесімен, еркін сауда аймағындағы облыстық Hilton қонақ үйімен, “AKFA MEDLINE” клиникасымен, логистикалық терминалмен және «Shourum»мен танысты. Ауғанстан тарапы да көрме өнімдеріне үлкен қызығушылық танытуда. Шара аясында көршілес елдердің өкілдерімен екіжақты алмасу келісіміне қол қою жоспарлануда.
Жалпы алғанда, аймақаралық өнеркәсіп жәрмеңкесі аясында 250 миллиард сумдық келісім мен келісім-шарттарға қол қою туралы келісімдерге қол жеткізіледі деп күтілуде.