Еңбек еткен рахат та, құрмет те көреді

    Мәдениет 9 Noyabr 2021 434

    Үстіміздегі жылдың 17-сентябрінде Нөкіс қаласында жоғары деңгейде өткен II Халықаралық Бахшылық өнері фестивалінде бұл өнер түрі халықаралық өнертанушылар тарапынан Орталық Азия мәдениеті өркениетіндегі маңызды өнер бағыты ретінде танылды.

    Бүгінде Қарақалпақстан Республикасы тарапынан осы халықаралық фестивальде тынымсыз, ыждағаттылықпен және жауапкершілікпен еңбек еткен ұйымдастырушы топтың бір топ өкілдері Қарақалпақстан Республикасы тарапынан «Ватан пидайысы» төс белгісімен марапатталды, деп хабарлайды Мәдениет министрлігінің баспасөз қызметі.

    Мәдениет министрі Озодбек Назарбеков оларға жоғары баға беріп: « Айту керек, ІІ Халықаралық бахшылық фестивалін лайықты ұйымдастыруға бізге демеу болған туысқан қарақалпақ халқына алғысымыз шексіз. Бүгінгі марапатта бұл өнердің осы түріне жасалып жатқан көңіл бөлудің және оның дамуына қосылған лайықты үлестің жақын үлгісі», - дейді.