Салтанатты шараға Олий Мажлис палаталарының өкілдері, Президент Әкімшілігі мен үкімет мүшелері, зиялы қауым өкілдері және қала тұрғындары қатысты.
Бұл – халыққа қызмет етудің ұмытылмайтынын және әрдайым қадірленетіннің көрінісі. Шавкат Мирзиёевтің қолдауымен Тұңғыш Президенттің құрметіне арналған шаралар жүзеге асырылды: оның туған күні – 30 қаңтар жыл сайын аталып өтетін болды, Ташкентте ғылыми-ағартушылық ескерткіш кешені құрылды, ал Самарқанға сапарлар кезінде Ислам Каримов кесенесіне зиярат ету игі дәстүрге айналды.
Бұл келер ұрпақ үшін де өнеге мен үлгі. Салтанатты жиында осындай құрмет пен бірлік айқын көрініс тапты. Құран аяттары оқылып, дұға бағышталды. Тұңғыш Президенттің халық мүддесі жолындағы еңбегі мен адами қасиеттері еске алынды.
Осындай іс-шаралар Самарқанд және Қаршы қалаларында да өтті.