Бақылаушылар Өзбекстан тарапына шақырғаны үшін алғыс білдіріп, Өзбекстанның соңғы жылдары әлеуметтік-саяси және экономикалық реформалар бағдарламаларын нәтижелі жүзеге асырып, жақсы жетістіктерге жеткенін атап өтті.
Кездесуде екіжақты ынтымақтастық, сонымен қатар парламентаралық байланыстардың бүгінгі жағдайы мен оны дамыту болашақтары да талқыланды.
Тараптар сауда-экономикалық, мәдени-гуманитарлық, транспорт және гуманитарлық ынтымақтастық салаларындағы біріккен жобаларды іс жүзіне асыруға көмектесу барасында парламентаралық ынтымақтастықты жалғастыруға дайын екендіктерін білдірді.
Өзбекстан мен Латвия және Эстония парламенттерінде құрылған достық топтары арқылы тиімді байланыстарды нығайтуға екіжақтың да ұмтылуы тілге тиек етілді, деп хабарлайды Олий Мажлис Сенатының баспасөз қызметі.