Бұл туралы Өзбекстан Республикасы Президентінің экология мәселелері жөніндегі кеңесшісі — Экология және климаттың өзгеруі жөніндегі ұлттық комитеттің төрағасы, Арнайы комиссия басшысы Азиз Абдухакимов мәлімдеді.
Оның айтуынша, өтініштер бойынша өндірілген айыппұл сомасының 15 пайызы экологиялық белсенді азаматтарды ынталандыруға жұмсалады.
"Арнайы комиссия жұмысын жалғастырып, тұрғындарды жедел хабардар етеді. Ендігі кезек сізде! Камераларыңыз қорғаныш қаруымызға айналсын! Құқық бұзушылықты анықтап, сыйларыңызды алыңыз. Біз таза ауа үшін күресте біргеміз", - дейді Азиз Абдухакимов.

