Бұл туралы Экология министрлігі хабарлады.
Шара Экология, қоршаған ортаны қорғау және климаттың өзгеруі министрлігі және Ішкі істер министрлігімен бірлесе отырып, 10 майға дейін жалғасады.
Шара «Экологиялық бақылау туралы» заңдардың орындалуын қамтамасыз ету, қолданыстағы автокөліктердің экологиялық жағдайын бақылау мақсатында екі басқышта өтеді. Бірінші басқыш 10 апрельден 10 майға дейін, ал екінші басқыш 10 августан 10 сентябрьге дейінгі аралығында (Ташкент қаласында 10 сентябрьден 10 октябрьге дейінгі аралығында) өтеді.
«Таза ауа» айлығыбарысында тұрақты ЖЖҚ жерлерде, мәжбүрлі техникалық тексеруден өткізуде және көшелерде жүрген автотранспорт құралдары тексеріледі.
Экологиялық зиянсыз деп танылған көлік құралдары жүргізушілеріне қатысты Әкімшілік жауапкершілік туралы Кодексінің 87 және125-баптарына сәйкес шара қолданылатыны баса айтылды. Сондай-ақ, «Атмосфералық ауаны қорғау туралы» заңның 13-бабына сәйкес, автотранспорт құралдарының ақауы жойылмайынша пайдалануға тыйым салынады.