Электр энергиясын экспорттау мәселелері талқыланды

    Энергия 15 Noyabr 2023 928

    Үстіміздегі жылдың 14 ноябрь күні сапары аясында Өзбекстан Республикасының Инвестициялар, өнеркәсіп және сауда министрі Лазиз Кудратов Өзбекстан, Әзербайжан және Қазақстанның тиісті министрлерінің электр энергияны өндіру және экспорттау мәселелері бойынша үшжақты кездесуіне қатысты.

    Кездесуге Әзербайжан Республикасының Экономика министрі Микаил Жаббаров, Әзербайжан Республикасының Энергетика министрі Парвиз Шахбазов, Қазақстан Республикасының Энергетика министрі Алмасадам Сатқалиев және Өзбекстан Республикасының Энергетика министрі Журабек Мирзамахмудов қатысты.

    Сұхбат барысында баламалы көздерден өндірілетін электр энергиясын аймақ елдерінің аумақтары арқылы үшінші елдің тұтынушыларына беруді ұйымдастыру жобасын іске асыру болашақтары талқыланды.

    Жаңа қуаттар мен жұмыс орындарын құру сияқты мультипликативтік нәтижені ескере отырып, жобаның іске асырылуы бағыты бойынша орналасқан елдердің энергетика саласындағы ынтымақтастық және инфрақұрылымын дамыту үшін маңызды екені атап өтілді.

    «Жасыл» электр энергиясын ұзату жобасын өмірге енгізу экономика мен энергетикалық жүйелер арасындағы байланысты нығайтуға көмектеседі, сондай-ақ, ұлттық энергетикалық желілерді дамытуға негіз қалайды және осы бастаманы нәтижелі жүзеге асыру үшін бірлескен жұмысқа үлес қосуға дайынбыз», - деді Инвестициялар, өнеркәсіп және сауда министрі Лазиз Қудратов.

    Сондай-ақ, Әзербайжан мен Қазақстан өкілдері 2030 жылға дейінгі электр энергия өндірудің жалпы көлеміндегі қайта тіктелетін энергия үлесін 40 пайызға жеткізу аясында жоғары технологиялық тармақтардың қызметін және «жасыл» экономикаға өтуді қолдап-қуаттау бойынша елімізде жүзеге асырылып жатқан іс-шаралармен де танысты.

    Кездесуде жобаны жүзеге асырудың бірқатар маңызды жақтары, сонымен қатар нормативтік-құқықтық базаны қалыптастырудың негізгі шарттары, оның техникалық-экономикалық тиімділігінің консептуалды параметрлері де талқыланды.

    Келіссөздер қорытындысы бойынша жоба аясында кешенді іс-шараларды жүзеге асыруға ниет білдірілді, сондай-ақ алдағы уақытта кеңсеаралық ынтымақтастық форматы әзірленіп, қол жеткізілген келісімдерді нәтижелі өмірге енгізу бойынша нақты іс-шаралар жоспары қалыптастырылды, деп хабарлайды Инвестициялар, өнеркәсіп және сауда министрлігінің баспасөз қызметі.