Сапардың негізгі мақсаты – Өзбекстан Республикасының халықаралық рейтингтердегі орнын жақсарту, электрондық мемлекеттік қызмет көрсету жүйесін жетілдіру, электрондық үкіметтің архитектурасы мен құрылымын әртараптандыру, сондай-ақ, «Цифрлық Өзбекстан —2030»  стратегиясы аясында цифрландыру жобаларының нәтжелілігін арттыру болып табылады.

Айта кету керек, бүгінде Эстония электрондық үкіметті енгізу және дамыту бойынша Еуропада және әлемде көшбасшылардың бірі болып табылады. Қазіргі уақытта Эстония электрондық үкімет рейтингінде әлемде 3- орынды иелеп тұр.

Сапар барысында министрдің бірінші орынбасары Олег Пекос Өзбекстанда цифрлық экономиканы, электрондық үкіметті және электрондық мемлекеттік қызметтерді дамыту бойынша жүргізіліп жатқан реформалармен таныстырды, деп хабарлайды Ақпараттық технологияларды және коммуникацияларды дамыту министрлігінің баспасөз қызметі.