Қабылда екі елдің ресми делегациялары, Франция Премьер-Министрі Франсуа Байру басқарған Министрлер Кабинеті мүшелері, танымал мәдениет, өнер және ғылым қайраткерлері, кәсіпкерлер мен қоғам өкілдері қатысты.
Мемлекет басшысы Эммануэль Макрон мен оның жұбайы Брижит Макронға жылы қабылдау үшін алғыс айтып, бүгін өткен келіссөздердің тарихи маңызы бар екенін, олардың нәтижесінде елдеріміз арасындағы қатынастар стратегиялық серіктестік деңгейіне көтерілгенін қуана айтты.
Франция жетекшісі бүгінгі келіссөздер нәтижелері мен қол қойылған келісімдерді жоғары бағалады.
– Бірнеше жыл ішінде біз энергетика, су ресурстарын басқару, коммуналдық қызметтер, көлік, тұрақты туризм сияқты маңызды салаларда ұзақ мерзімді ынтымақтастық қарым-қатынасын орнаттық. Мұның айғағы ретінде Франция үкіметі мен Франция даму агенттігінің қолдауымен француз компаниялары Өзбекстанға инвестиция салуда, өңірлерде қосылған құн мен жұмыс орындары құрылып, жастар кәсіп үйреніп, өмірде өз орнын табуда, – деді Эммануэль Макрон.
Тараптар халықтарымыздың әл-ауқаты жолында Өзбекстан-Франция ынтымақтастығын одан әрі нығайтуға деген ұмтылысын білдірді.