Институт мамандарының зерттеулерінің нәтижесінде еліміздің климаттық жағдайы ескеріле отырып, энергияны сақтау жүйесіне ие болған күн фотоэлектрлік жүйесі арқылы жергілікті электр желісімен параллель түрде жұмыс істейтін электромобильдерді жылдам зарядтау құрылғысы жасалды.
Әрбір жүйе жылына 32 мың кВт/сағ электр энергиясын өндіреді, 950 электромобильді зарядтауға мүмкіндік береді және 11,2 мың текше метр табиғи газды үнемдейді, 19,8 тонна зиянды газдың атмосфераға таралуын болдырмайды деп, хабарлайды Энергетика министрлігінің баспасөз қызметі.