Хабарлауынша, аптада Өзбекстан аумағына Иран аймақтарынан ыстық ауа кіріп келеді.
Ауа температурасы күннен-күнге көтеріледі. Аумақтың басым бөлігінде аптап ыстықтың шарықтау шегі аптаның ортасына дұрыс келеді. 12-13 июль күндері күндізгі ауа температурасы 40-42° дейін, оңтүстік және шөлейтті аймақтарда 43-45° дейін көтеріледі.
Қарақалпақстан Республикасы мен Хорезм облысының солтүстігінде 11-12 июль күндері ең жоғары температура 43-45° болады деп күтілуде.
Күшті ыстық байқалады. 13 июльде Өзбекстанның солтүстік-батыс аумақтарында, 14 июльде республиканың барлық аумақтарында атмосферадағы оңтүстік ағындар батыс ағындарына ауысады, ал ауа температурасы 33-38° дейін, оңтүстікте 40°-қа дейін төмендейді. Бұл температура фонды демалыс күндері де сақталады.
Осы апта ішінде республиканың барлық аймақтарында күн біршама бұлтты, негізінен құрғақ болуы күтілуде.
10-12 июльде солтүстік және шөлді аймақтарда, 13-14 июль күндері республикада желдің жылдамдығы 13-18 м/с дейін күшейеді, кей жерлерде шаң-тозаң түседі деп күтілуде.
Астанамызда: 10-14 июль күндері аралығында аз күн бұлтты ауа райы болады, жауын-шашын күтілмейді. Желдің жылдамдығы баяу болады, 14 июльде 10-12 м/с дейін күшеюі мүмкін. Бүгін күндізгі температура 37-39° болады, 11-13 июль күндері ауа температурасы біртіндеп көтеріледі, 12-13 июль күндері 39-42° дейін, 14 июльде 36-38° болады.