Емделу туралы сертификатты қалай алуға болады?

    Цифрландыру 8 Sentabr 2021 9444

    Коронавирусқа қарсы толық екпе алған соң екпе алғандығы туралы сертификатты алу талап етіледі. Бұл туралы жерлестеріміге көмек беру мақсатында ДСМ Баспасөз қызметі екпені алғандығы туралы сертификатты алудың 5 әдісі туралы мәлімет берді:

    1-әдіс

    Екпе алғандығы туралы сертификатын Бірыңғай интербелсенді мемлекеттік қызметтер порталы —my.gov.uz арқылы жүктеп алуға болады.

    Мұның үшін ЖТ ЖИН — Жеке тұлғаның жеке идентификациялық нөмері немесе паспорт мәліметтері пайдаланылады.

    Бірыңғай портал арқылы “Коронавирусқа қарсы екпе алу” бөлімін, соңыра “Қызметтерді пайдалану” түймесін басу арқылы электронды кезекке тұру немесе емделу толық аяқталған соң, тиісті сертификатты жүктеп алу сенімді әрі қауіпсіз.

    2-әдіс

    COVID-19-ға қарсы әрбір емделгеннен соң екпе алған тұлғаның мобильді телефонына SMS-арқылы емделгендік туралы хабар келеді.

    Толық емделгеннен соң екпе алғандық сертификатын осы SMS-хабар арқылы онлайн жүктеп алуға болады.

    3-әдіс.

    Телеграм тармағындағы @itmeduz_bot парақшасы арқылы да ЖТ ЖИН немесе паспорт мәліметтерін пайдаланып, екпе егуге электронды кезекке жазылу және екпе алғандық сертификатын жүктеп алу мүмкіндігі жасалған.

    4-әдіс.

    Толық емделген тұлға емдеу өткізілген емдеу-профилактикасылық орындардың өзінде екпе алу үшін тіркеуге алынған медбике тарапынан азаматтың талабына орай сертификат беріледі.

    5-әдіс.

    Сондай-ақ жоғарыдағы әдістерден тыс, толық екпе алған тұлға өзі біріктірілген аумақтық біріншілікті медициналық-санитарлық мекемеге өтініш арқылы да сертификат алуы мүмкін.

    No date selected
    April 2024
    1
    2
    3
    4
    5
    6
    7
    8
    9
    10
    11
    12
    13
    14
    15
    16
    17
    18
    19
    20
    21
    22
    23
    24
    25
    26
    27
    28
    29
    30
    Use cursor keys to navigate calendar dates