Онда айтылуынша, қорытынды мемлекеттік аттестаттау сынағынан өте алмаған тұлға кейінгі әрбір оқу жылында (3 жыл ішінде) өз өтінішіне орай емтиханды 2 ретке дейін қайта тапсыруға құқылы.
Бұрынғы тәртіп бойынша бітіруші қорытынды мемлекеттік аттестациясы сынағынан өте алмаса, келесі жылдары қайта тапсыруға құқылы болатын. Бұл жағдай студентке бірқатар қиындықтар туғызды, атап айтқанда, оның құнды уақытын мақсатты түрде жұмсай алмауы себеп болып келген.
Енді студенттерге қайта тапсыру туралы өтініштердің жиналу санына қарап жылына екі ретке дейін мемлекеттік емтиханды қайта тапсыру мүмкіндігі бар.