Енді оқу үрдісі оқушылардың қабілеті мен таңдауына қарай ұйымдастырылады

    Мектепке дейінгі және мектеп білім беру министрлігі оқушыларға 1-4 сыныптар бастауыш, 5-9 сыныптар тірек және 10-11 сыныптарда оқушылардың қабілеті мен таңдауына қарай білім беру үдерістерін ұйымдастыру бойынша жұмыс жүргізуде.

    Сондай-ақ:

    Озық шетелдік тәжірибелер негізінде 1-4-сыныптарға арналған оқулықтар жаңадан дайындалды.

    Жаңа оқулықтар білім алушыларда ХХІ ғасыр дағдыларын қалыптастыруға «4K» моделін (сыни тұрғыдан ойлау, креативтік, коллаборация, коммуникация) қолдану арқылы оқушылардың сыни ойлауын, шығармашылық көзқарасын, топпен жұмыс істеу және сұхбаттасу дағдыларын дамытуға бағытталған.

    Бастауыш сыныптарға арналған 775 атаудағы оқулық және оқу-әдістемелік әдебиеттер 72 миллион нұсқада шығарылуда.

    2023-2024 оқу жылынан бастап 124 мектепте жоғары сынып оқушыларының қабілеті мен таңдауына негізделген оқу үдерісін ұйымдастыру тәжірибе сынақтан өткізіледі.

    Бұл ретте, 5-9 сынып оқушыларына министрлік бекіткен тірек оқу жоспары негізінде тірек білімдер беріледі.

    Таңдау пәндері 4 бағыт (математика-физика, ана тілі-шет тілі, химия-биология, математика-шет тілі) бойынша енгізіледі.

    Бағыттар оқушылардың қызығушылықтары мен қабілеттерін ескере отырып жүргізілген сауалнамалар негізінде қалыптастырылды.

    Белгіленген тірек оқу жоспарына сәйкес, 4 бағыт бойынша 11 міндетті және 2 таңдау пәні оқытылады.

    Бұл мектептерде Президенттік, шығармашылыққа және мамандандырылған мектептер тәжірибесіне сүйеніп, жаңа бағалау жүйесі енгізіледі.

    Тәжірибе-сынақ мектептерге үздіксіз әдістемелік қолдау көрсету мақсатында Президенттік, шығармашылық және мамандандырылған мектептер бекітіледі.

    No date selected
    December 2024
    1
    2
    3
    4
    5
    6
    7
    8
    9
    10
    11
    12
    13
    14
    15
    16
    17
    18
    19
    20
    21
    22
    23
    24
    25
    26
    27
    28
    29
    30
    31
    Use cursor keys to navigate calendar dates