Мемлекет басшысы энергетика саласындағы ірі жобалар таныстырылымына қатысты

    Билік 12 Iyul 2022 5250

    12 шілдеде Президент Шавкат Мирзияев Біріккен Араб Әмірліктерімен ынтымақтастықта жүзеге асырылып жатқан ірі энергетикалық жобалардың танастырылымына қатысты.

    Өзбекстан мен Біріккен Араб Әмірліктері арасындағы ынтымақтастық қарқынды дамып келеді. Биылғы жылдың басынан бері өзара сауда көлемі екі есеге артты, республикада 45 жаңа бірлескен кәсіпорын құрылды.

    Өзара тиімді ынтымақтастық экономиканың көптеген салаларын қамтиды. Олардың ең маңыздыларының бірі – энергетика.

    Өткен жылы Науаи облысында Біріккен Араб Әмірліктерінің «Masdar» компаниясымен бірлесе отырып, Өзбекстандағы алғашқы күн электр станциясы іске қосылған еді. Бүгінде ол бір тәулікте 1 180 000 киловатт сағат электр энергиясын береді.

    Бұл салада жалпы құны шамамен 3 миллиард долларды құрайтын тағы 5 ауқымды жобаны жүзеге асыру келісілген. Атап айтқанда, «Mubadala» және «Taqa» компанияларымен бірлесе отырып, Талимаржон жылу электр станциясын жекешелендіру және қуаттылығын арттыру, «Masdar» компаниясымен Науаи облысында жел, Сұрхандария, Самарқанд және Жызақ облыстарында күн электр станцияларын салу жоспарланған.

    Айта кету керек, биыл Біріккен Араб Әмірліктерімен экономикалық ынтымақтастықты дамыту және үйлестірудің жаңа жүйесі іске қосылды.

    Жиында осы жүйеге негізделген энергетика саласындағы жобаларды жүзеге асыру барысы қаралды.

    Бүгінгі презентацияда жауапты азаматтар жобалардың ағымдағы жай-күйі мен жыл соңына дейін жоспарланған шаралар туралы ақпарат берді.

    Мемлекет басшысы бұл жобалар энергетикалық жүйенің тұрақтылығына және экономика салаларына инвестиция ағынын одан әрі арттыруға негіз болатынын баса айтты.

    Талимаржон жылу электр орталығын жекешелендіру мәселесі айтылып, бұл жобаның жылу электр стансалары мен энергия өндірісін басқаруда үлгі болуы керектігі сөз болды.

    «Masdar» компаниясымен жаңартылатын энергия саласында жүзеге асырылатын жобалар 2030 жылға қарай республикада «жасыл энергияның» үлесін 25 пайызға дейін арттырудағы маңызды қадам болмақ. Сондықтан жобаларды жүзеге асыру үшін қажетті келісімдер мен құжаттарға қол қоюды жеделдету маңыздылығы көрсетілді.

    No date selected
    July 2024
    1
    2
    3
    4
    5
    6
    7
    8
    9
    10
    11
    12
    13
    14
    15
    16
    17
    18
    19
    20
    21
    22
    23
    24
    25
    26
    27
    28
    29
    30
    31
    Use cursor keys to navigate calendar dates