Халық пен экономика өсуімен энергия көздеріне сұраныс артып келеді. Мәселен, соңғы төрт жылда Ташкент облысында электр тұтыну 20 пайызға артқан. Бұл тапшылықтың орнын толықтыру мақсатында жалпы құны 1,5 миллиард доллар болатын, қуаттылығы 805 мегаваттан асатын 5 жоба жүзеге асырылуда.
Бұл ретте «жасыл» энергетика көздеріне үлкен мән берілуде. «Тинчлик» шағын өнеркәсіп аймағындағы «Enter Green Solar» кәсіпорнында осы мақсатқа қажетті күн панельдері мен түрлі кабельдер өндірілуде.
Мемлекет басшысы өнеркәсіп аймағына сапары барысында осы жобамен де танысты.
– Осындай жоғары технологиялық өнімдер шығаратын жергілікті кәсіпорындарымызды қолдап, олардың қызметін кеңейтуіне одан әрі қолайлы жағдай жасауымыз керек, – деді Шавкат Мирзиёев.
Жалпы құны 7 миллион доллар болатын осы кәсіпорынға Италияның «Ecoprogetti» компаниясының жабдықтары орнатылған. Олардың негізінде жылына 377 мың дана жоғары сапалы күн панельдерін шығару жолға қойылған. Кәсіпорынның өзінде қуаттылығы 125 киловатт болатын панельдер орнатылған. Мұнда 100 адам жұмыс істейді.