Мемлекет басшысы энергетика жүйесінің қысқы маусымға дайындығымен танысты

    Билік 22 Noyabr 2023 3973

    Президент Шавкат Мирзиёев 22 қараша күні «Узбекнефтгаз» акционерлік қоғамында болып, энергетика жүйесінің қысқы маусымға дайындығымен танысты.

    Жыл басында келген аномальді суықты негізге ала отырып, жүйенің қуаттылығы арттырылды. Ең алдымен ішкі мүмкіндіктер толық пайдаланылып, желілер жаңартылды. Сонымен қатар, шетелдік серіктестермен бірлесіп жұмыс жүргізілді. Мекемелердегі, кәсіпорындардағы және тұрғын үйлердегі өзекті мәселелер зерделеніп, шешімін тапты. Бұл жұмыстар әрбір махаллада жасалды.

    – Биыл энергетика жүйесін жақсартуға барлық көздерден 14,5 триллион сум бердік. Барлық қажетті шикізат, тауар, құрал-жабдықтар әкелінді. Енді сала басшылары толық жауапкершілікті алып, нақты жоспар құрып, энергиямен қамтамасыз етуге кепілдік беруі қажет, – деді Шавкат Мирзиёев.

    Биылғы жылдың өткен кезеңінде 675 мегаватт электр қуаты іске қосылды. Республика бойынша 100 қосалқы станция, 11,5 мың трансформатор және 34 мың шақырым желі жаңартылды.

    Тұрғындар мен кәсіпорындарды көгілдір отынмен қамтамасыз ету мақсатында қосымша 5 миллиард текше метр кепілдік берілген газ көздерін алу туралы шешім қабылданды. Жер асты қоймаларында жеткілікті газ қоры жинақталған.

    Президент суық күндерде энергетикалық ресурстарға сұранысты қамтамасыз ету жөніндегі шенеуніктердің есебін тыңдады.

    Энергетика министрі биылғы жылы атқарылған жұмыстар мен жинақталған резерв, күнделікті тұтыну және оны қамтамасыз ету мақсаттары туралы ақпарат берді.

    Атап өткендей, энергетика жүйесі 1 желтоқсаннан бастап тәулік бойы жұмыс істеу тәртібіне көшеді. Алдағы айларда Сырдарияда қуаттылығы 1700 мегаватт болатын 8 күн және жел электр станциясы, 500 мегаватт газ турбинасы іске қосылады. Сұрхандариядағы Шарғұн кенішінде 900 мың тонна көмір өндіру басталады.

    Сондай-ақ сұйытылған газ, мазут, трансформатор, кабель және басқа да қажетті құралдардың қоры дайындалған.

    Мемлекет басшысы энергия көздерін тұрақты қамтамасыз етудің, сонымен бірге төлем тәртібін қамтамасыз етудің маңыздылығын атап өтті. Заңсыз қосылуларды тоқтату, ауа райына байланысты жылы күндері энергия ресурстарын үнемдеу жөнінде тапсырмалар берілді.

    Шарада «Узтрангаз», «Худудгазтаминот», «Аумақтық электр желілері», «Жылу электр желілері» акционерлік қоғамының басшылары да ақпарат берді.

    No date selected
    December 2025
    1
    2
    3
    4
    5
    6
    7
    8
    9
    10
    11
    12
    13
    14
    15
    16
    17
    18
    19
    20
    21
    22
    23
    24
    25
    26
    27
    28
    29
    30
    31
    Use cursor keys to navigate calendar dates