Дегенмен, вирусты дәрі-дәрмекпен емдесе болады. Індеттерден құтылу әлдеқайда қиын. Өйткені зиянды әдеттер көбінше адамды күшті тәуелділікке әкеледі. Бүгінде жастар арасында дәстүрге айналған энергетикалық сусындар туралы мамандар осындай тұжырым жасады.
Өкініштісі, қаңылтыр ыдыстан ішіліп жатқан мұндай өнімдердің шын мәнінде қуат емес, апат көзі екенін біз кеш түсінеміз.
Мәліметтер бойынша, «энергетикалық» сусындар алғаш рет 1960 жылы Жапонияда дәрілік құрал ретінде жасалған. Кейіншелік Еуропа мен АҚШ-ты «жаулап алғаннан» кейін бизнесмендер өнімді танымал ету үшін бірқатар химиялық заттарды қосты. 2014 жылда ДДСҰ жасөспірімдер арасында энергетикалық сусындардың көп тұтынылуы туралы алаңдатарлық мәлімдеме жасады. 2017 жылы АҚШ-та 16 жасар жасөспірімнің өліміне энергетикалық сусындарды шамадан тыс тұтынуы себеп болған деп есептелген.
Қазір әлемнің көптеген елдерінде мұндай өнімдерді сатуға шектеулер бар. Мысалы, көптеген елдерде 18 жасқа толмаған жасөспірімдерге энергетикалық сусындарды сатуға рұқсат жоқ. Дания, Түркия, Норвегия, Исландия және АҚШ-тың кейбір штаттарында мұндай өнімдерді сатуға толығымен тыйым салынған.
Өзбекстанда да бұл тұрғыда заң іс жүзінде шектеулер бар. Онда, энергетикалық сусындарды 18 жасқа толмағандарға сатуға болмайды. Сондай-ақ елімізде мұндай өнімдерді таңғы 7:00-ден 22:00-ге дейін мұндай өнімдерді жарнамалауға тыйым салынған.
Басқа уақытта да жарнама үдерісінде мұндай өнімдерді шамадан тыс тұтынудың қауіптілігі туралы ескерту, сондай-ақ тұтынуға болмайтын тұлғалар туралы ақпарат болуы керек.
– Жоғары концентрацияланған энергетикалық сусындардың құрамында көп мөлшерде кофеин мен таурин заттары бар, – дейді Ташкент медицина академиясының Балалар, жасөспірімдер және тағақтану гигиенасы кафедрасының профессоры, медицина ғылымдарының докторы Гүли Шайхова. – Таурин – энергетикалық үдерісті тездететін және жүйке жүйесін дамытатын зат. Оның адам ағзасына тәуліктік мөлшері 400 мг құрайды. Кейбір энергетикалық заттардың құрамында бұл зат 2 есеге дейін жоғары және жасөспірімдердің денсаулығына теріс әсер етеді.
Денсаулық сақтау министрлігінің баспасөз қызметі.