Бұл үстіміздегі жылдың 27 мартында қабылданған Өзбекстан Республикасы Президентінің «Энергия тиімділігін арттыру саласындағы мемлекеттік басқаруды жетілдіру және энергетикалық сервистік компаниялары қызметтері базарын дамыту іс-шаралары туралы» жарлығында белгіленді.
Агенттіктің негізгі міндеттерінің бірі энергия тиімділігін арттыру саласында бірыңғай мемлекеттік саясатты жүргізу, саладағы ынталандырушы және ықпал етуші шараларды әзірлеу және реттеу болып табылады.
2025 жылдың 1 июлінен бастап тұрғындар тұрғын үйлерінің энергетикалық аудитін жүргізу қаражаттарын және күн панелдері мен күн гелиоколлекторлар құнының 20 пайызын және жылу сорғыларының (ауа, су және геотермалдық) құнының 40 пайызын, бірақ БЕМ-нің 50 еседен аспайтын мөлшерін өтеуге Агенттік тарапынан субсидия бөлетін болады.
2025 жылдың 1 сентябріне дейін Энергия тиімділігін арттыруға арналған цифрлық платформа іске қосылады.
Агенттік жанынан бюджеттен тыс Энергия тиімділігін ынталандыру және қолдау қоры құрылады.
2025 жылдың 1 октябріне дейін өндірушілер мен импорттаушылар үшін технологиялардың энергия тиімділігінің «жасыл» стандарттары енгізіледі.