Президент энергиямен қамтамасыз ету жөнінде жиын өткізді

    Билік 24 Oktabr 2022 3408

    Президент Шавкат Мирзияев 24 қазанда күзгі-қысқы маусымда экономика салалары мен әлеуметтік сала мекемелерінің тұрақты жұмысын қамтамасыз ету мәселелері бойынша кеңес өткізді.

    Осы жылдың 23 қыркүйегінде Министрлер кабинетінің қаулысы қабылданғаны белгілі. Әр облыс, аудан учаскелерінде жеке жоспарлар мен шаралар әзірленіп, дерегі белгіленген.

    Жиында Энергетика министрі мен облыс әкімдері осы бағытта атқарылған жұмыстар туралы есеп берді.

    Онда, бірінші кезекте халықты электр энергиясымен үздіксіз қамтамасыз ету шаралары қолға алынуда. Осы мақсатта IV тоқсанда 21 млрд кВт сағат, келесі жылдың басында шамамен 22 млрд кВт сағат электр қуатын өндіру жоспарлануда. Сондай-ақ күзгі-қысқы маусымда тұрғындарға 10 млрд текше метр көгілдір отын жеткізілуі көзделген.

    Бұл үдерісте ысырапқа жол бермеу үшін Мемлекет басшысы газ ұңғымаларынан тұтынушыға дейінгі жүйені толық цифрландыруды тапсырды.

    Шалғайдағы ауылдар мен шаруа қожалықтарына, әлеуметтік нысандарға сұйытылған газ, көмір жеткізіледі. Президент кез келген өңірге қосымша резервтер берілетінін қадап айтты.

    – Барлық сала, облыс басшылары бұл мәселеде жауапкершілікті еселеп арттырып, тұрғындардың қалауына орындап, ешбір өтінішті назардан тыс қалдырмай тез арада шешуі керек, – деді Шавкат Мирзияев.

    Энергетика министрлігіне нақты уақыт режимінде тұрғындарды энергия көздерімен қамтамасыз ету жағдайына тұрақты мониторинг жүргізу тапсырылды. Туындаған мәселелерді шешуде «колл орталықтары» мен өңірлік жұмыс топтарының қызметі маңызды екені сөз болды.

    Энергия көздерін үнемдеу мәселесіне ерекше назар аударылды. Әлемде энергетика саласында орын алып жатқан мәселелер біздің өңірге де әсер етіп отырғаны, мұндай жағдайда экономиканың өзекті екені айтылды. Сондықтан барлық мекемелерде энергияны үнемдейтін технологияларды орнату және бұл мәселеге халықтың қатысуын арттырудың маңыздылығы айтылды.

    Жиында кәсіпорындарды қаржылық сауықтыру және коммерциялық банктердің тұрақтылығын арттыру мәселелері талқыланды. Несие арқылы іске қосылған жобаларды толық қуатқа шығару және мерзімі өткен берешекті азайтуға көмектесу жөнінде тапсырмалар берілді.