Шавкат Мирзияев жер асты суларын қорғауды күшейтуге арналған таныстырылымға қатысты

    Билік 7 Dekabr 2022 6973

    Президент Шавкат Мирзияев жер асты суларын қорғауға бағытталған шаралар таныстырылымына қатысты.

    Жер асты сулары – табиғат пен адамдарға ең қажетті тұщы су көздерінің бірі. Жер асты сулары ретсіз пайдаланылғандықтан көптеген жерлерде азайып барады. Науаи, Самарқанд, Жызақ, Қашқадария, Наманган, Ферғана және Әндіжан облыстарының кейбір аудандарында оның деңгейі 5 метрге дейін төмендеген.

    Соған қарамастан, рұқсат етілмеген ұңғымаларды бұрғылау, жер асты суларын бақылаусыз және есепке алынбай пайдалану әлі де жалғасуда. Сондықтан Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес жер асты суларын қорғауды күшейту және оны пайдалануды жақсарту бойынша ұсыныстар әзірленді.

    Оған сәйкес, жер асты суларының деңгейі 5 метрден астам төмендеген аумақтарда ұңғымаларды бұрғылауға және жер асты суын пайдалануға мораторий енгізіледі.

    Қазіргі уақытта ұңғымалардың 90 пайызында есептегіштер жоқ болғандықтан жер асты суларының шығыны туралы нақты ақпарат жинау мүмкін болмай тұр. Сондықтан жер асты суын пайдаланушылар 2024 жылдың 1 қаңтарына дейін өз нысандарын су есептегішімен жабдықтау міндеті жүктелуде.

    Сондай-ақ, 2023 жылдың 1 сәуірінен бастап әр ұңғымаға бөлек емес, жалпы ұңғымаларды бұрғылау мүмкіндігіне рұқсат беру жолға қойылады. Деңгейі төмендеп келе жатқан жер асты суларының кен орындарын түбегейлі қайта бағалау үшін геологиялық барлау жұмыстары жүргізілетін болады.

    Тағы бір жаңалық – жер асты суларының жай-күйін бақылау және қауіпті геологиялық процестерден қорғаудың бірыңғай жүйесін құру мақсатында Мемлекеттік геологиялық бақылау қызметі құрылды.

    Жалпы, бұл шаралар жер асты суларының сарқылу процесін тоқтатуға және басқа өңірлерде мұндай жағдайдың орын алуына жол бермеуге қызмет етеді.

    Мемлекет басшысы осы ұсыныстарды мақұлдап, суды есепсіз пайдалануды тоқтатып, осыған байланысты тәртіпті күшейтуді тапсырды. Тұщы су көздерін сақтау және халық үшін ұзақ мерзімді қорлар құрудың маңыздылығын айтты.

    No date selected
    March 2024
    1
    2
    3
    4
    5
    6
    7
    8
    9
    10
    11
    12
    13
    14
    15
    16
    17
    18
    19
    20
    21
    22
    23
    24
    25
    26
    27
    28
    29
    30
    31
    Use cursor keys to navigate calendar dates