Жер үсті метро желісінің 2-басқыштағы құрылыс жұмыстары жүргізілуде

    Урбанизация 24 Dekabr 2021 1958

    Қойлық аумағынан Ташкент айналма жолы бойлап 2,5 шақырымға жуық жаңа рельстің бірінші бөлігі төселді.

    Еліміздің астанасы, Орталық Азиядағы халқы ең көп қала Ташкентте жыл өткен сайын көліктер көбейіп, қаламыздың басты көшелерінде кептеліс артып келеді. Атап айтқанда, соңғы бес жылда астанамызда ауқымды құрылыс жұмыстары жүргізіліп, көпқабатты тұрғын үй массивтері бой көтерді. Автомобиль жолдары кеңейтіліп, жаңа әрі заманалық жол өткелдері салынып, қаламыздың аумағы кеңейіп келеді.

    Бүгінде қаламызда үш жарым миллион адам тұрып жатса, бір күнде еліміздің басқа облыстарынан, көршілес елдерден, әлемнің түкпір-түкпірінен 1 миллионға жуық адам Орталық Азиядағы ең үлкен шаһарға сапар шегеді. Сонымен қатар, қазір Ташкентте 630 мыңнан астам жеңіл көліктер тіркелген, бір тәулікте тағы қаламызға 300 мыңға жуық жеңіл және жүк көлігі келеді.

    Ташкенттің жыл сайын дамып, гүлденген қалаға айналуы болашақта халық саны мен көлік санының артуына себеп болады.

    Елімізде алғаш рет құрылыс саласында мол тәжірибесі бар мамандар мен заманалық техникаларға ие «Ўзбекистон темир йўллари» акционерлік қоғамының «Кўприкқурилиш тресті» унитарлық кәсіпорнының ұжымы эстакада түрінде жер асты метро желілері, сондай-ақ жер асты бағыттарын құруға кірісті. Осыдан кейін теміржолшылар Ташкент айналма жер үсті метрополитені желісінің 1-басқышы болған «Дустлик – Қойлық» учаскесі және Ташкент метрополитенінің жер үсті Сіргелі мен Юнусабад бағытының жер асты 2-басқыштары құрылды.

    2020 жылдың декабрь айында «Ўзбекистон темир йўллари» акционерлік қоғамына қарасты «Кўприкқурилиш трести» унитарлық кәсіпорны жер үсті метро желісінің 2-басқышы болған 11,62 шақырымдық «Қойлық-Қыпшақ» учаскесінің құрылысын бастаған еді. Қазірде бұл учаске аумағында жаңа жоба бойынша құрылыс жұмыстары қызу жүріп жатыр.

    Ташкент айналма жер үсті метро бағытының 2-басқышы Қойлық базарынан Мирабад пен Сергелі аудандарынан өтетін Ташкент үлкен айналма жолы, астана облысының Зеңгіата ауданындағы Ханабат көшесі және Сергелі ауданындағы Қыпшақ көшесінен өтіп, Сергелі желісінің 5-бекетіне жалғасады және Янги хает ауданындағы Ташкент металлургия зауыты аумағына дейін жеткізіледі. Бұл учаскеде 7 бекет салу жоспарланса, қазіргі таңда Қойлық базары аумағындағы «7-бекеттен» Сергелі-құрылыс ауданындағы (Строительный) «12-ші бекетке» дейін құрылыс жұмыстары жүргізілуде.

    Бүгінде жобаның 2-басқышында 11,62 шақырымдық «Қойлық-Қыпшақ» учаскесінде құрылыс жұмыстары жедел жүргізілуде.

    Жер үсті метро желісінің бірінші кезеңі болып табылатын Достық-Қойлық бағытында 7 бекет салынса, Қойлық базары аумағындағы 7-бекет бірінші басқыштың соңғы бекеті. Қазіргі таңда Ташкент айналма автомобиль жолы бойлап құрылып жатқан 2-басқышта 8-, 9-, 10- бекеттер аралығында іргетас, бағандар мен ригельдер және оларға 26 метрлік балкалар орнатылды.

    Бекеттерде құрылыс жұмыстары жүріп жатыр. Атап айтқанда, 8- бекеттің бірінші қабатында негізгі құрылыс жұмыстары аяқталуға жақын, соңғы әрлеу жұмыстары жүргізілуде. Ғимараттың қабырғалары кез келген ауа-райына төзімді, мықты плиткамен және мәрмәрмен қапталған. Ғимараттың іші де ұлттық нақышқа сай безендіріліп, заманалық үлгідегі есіктер орнатылып, жолаушылар жүретін жерге әдемі мәрмәр төселуде. Бекеттің 2-қабатындағы перронда да құрылыс жұмыстары басталған. 9-10- бекеттерде де негізгі құрылыс жұмыстары аяқталып, ғимараттың 1-қабатының ішкі-сыртқы безендіру, электр, сантехникалық және байланыс жүйелерін монтаждау істері орындалуда. 11-бекетте бұзу жұмыстарының болуына байланысты құрылыс жұмыстары әлі басталған жоқ, бірақ 12-бекетте кірпіш қалау жұмыстары жүргізілуде. Қазіргі уақытта жобаның ең күрделі құрылыс алаңдарының бірі – Ташкент айналма автомобиль жолын Ханабад көшесімен қиылысатын бұрылысындағы бөлігінде монолитті әдісінде эстакада құрылысы жүзеге асырылуда.

    Қыпшақ көшесінде де іргетасы қазылып, бағаналарды орнату істер жүргізілуде.

    Бір қызығы, Қойлық базарынан Ташкент айналма жолы бойлап құрылған метро желісінің 8-, 9- және «10- бекет» аралығындағы эстакадалық құрылыстың темір-бетон жұмыстарының аяқталуына байланысты «Ўзбекистон темир йўллари» АҚ-ның Жол шаруашылығы басқармасының мамандары алғашқы рельстерді орнату істерін бастады. Сонымен қатар, «7- бекеттен» 8-, 9- және 10 бекеттер арасында 2500 метрден астам жаңа рельс төселген.

    Ташкент жер үсті айналма метро бағытының 2-басқышында жүзеге асырылып жатқан құрылысына 110 техника, машиналар мен механизмдер, сондай-ақ 2500-ге жуық білікті инженерлер мен жұмысшылар жұмылдырылған. Жұмысшылар үш мезгіл ыстық тамақпен қамтамасыз етілген. Олардың еңбегін қорғау ережелерін сақтай отырып, жұмыс үдерісі қатаң бақылауға алынған. Құрылыс алаңына қажетті өнімдер де дер кезінде жеткізілуде.

    «Қойлық-Қыпшақ» учаскесі пайдалануға берілгеннен кейін тәулігіне 46 мың жолаушы тасымалданады деп жоспарлануда. Сондай-ақ 700-ге жуық жаңа жұмыс орны ашылады.

    Мамандардың айтуынша, қазірге дейін құрылыс жұмыстарының 60 пайыздан астамы аяқталды, деп хабарлайды Транспорт министрлігінің баспасөз қызметі «Ўзбекистон темир йўллари» АҚ-ның мәліметіне сүйеніп.

    No date selected
    April 2024
    1
    2
    3
    4
    5
    6
    7
    8
    9
    10
    11
    12
    13
    14
    15
    16
    17
    18
    19
    20
    21
    22
    23
    24
    25
    26
    27
    28
    29
    30
    Use cursor keys to navigate calendar dates