Израиль және АҚШ елшілерін өз аумағынан шығарып жіберген кез келген араб немесе еуропалық мемлекетке стратегиялық су жолынан шектеусіз өту мүмкіндігі беріледі. Бұл туралы Ислам революциясы сақшылары корпусы 9 наурыз, дүйсенбі күні мәлімдеді, деп хабарлайды CNN.
ИРСК-тың айтуынша, егер бұл мемлекеттер Израиль және АҚШ-пен дипломатиялық қатынастарын үзсе, стратегиялық су жолынан өту үшін “толық құқық пен еркіндікке” ие болады дейілген.
Мақалада айтылғандай, әлемдік мұнай жеткізілімінің шамамен бестен бір бөлігі ені небәрі 21 миль болатын осы су жолы арқылы өтеді, сондықтан бұл аймақ қазіргі уақытта жаһандық нарықтар үшін өте маңызды әрі қауіпті нүкте болып саналады.
Басылымның мәліметінше, АҚШ пен Израильдің Иранмен қақтығысы мұнай бағасының өсуіне екі негізгі себеппен әсер еткен:
Ормуз бұғазының дерлік толық жабылуы және Таяу Шығыста мұнай өндірудің баяулауы.
Бұған дейін Иран Ормуз бұғазынан өтпек болған барлық шетелдік кемелерді «өртеп жіберуі мүмкін екенін» ескерткен болатын.
Кейінірек Тегеран қазіргі уақытта бұғазды жабу шараларын қолданбағанын, бірақ болашақта мұндай қадамға баруы мүмкін екенін мәлімдеді, деп хабарлайды korrespondent.net.